{metadescription}
Күдік: Алматы метросындағы қосымша бекеттердің құрылысы бітпей қалуы мүмкін
Күдік: Алматы метросындағы қосымша бекеттердің құрылысы бітпей қалуы мүмкін

Күдік: Алматы метросындағы қосымша бекеттердің құрылысы бітпей қалуы мүмкін

Алматыда тағы екі метро станциясының құрылысы басталғалы жатыр. Су жаңа жерасты жолы, қозғалысынан гөрі кептелісі көп қаланың енді о шетінен бұ шетіне қас-қағым сәтте жеткізеді деп күтілуде. Бірақ, олардың да алдыңғылары секілді сақалды құрылысқа айналатын түрі бар. Бұған дейін бөлінген миллиардтар бұрынғы басшылықтың тойымсыздығынан жетпесе, енді теңгенің құлдырауы тұсау болған.    


Екі бекеттің құрылысы әлі бітпей жатып, метрополитендегілер тағы екеуіне кірісіп кетті. Жаңа стансалар- «Қалқаман» және «Батыс» деп аталатын болады.

-Абай даңғылынан Әшімов көшесіне дейін, әрі қарай Райымбек даңғылына дейін талай шақырымға созылатын жерасты жолына бақандай 90 миллиард теңге жұмсалмақшы. Есесіне, тәулігіне 80 мың жолаушы қаланың о шеті мен бұ шетіне емін-еркін қатынайтын болады.    

Павел Московчук, «Метрополитен» КМК бас инженері:

-Бұл станциялар заманның соңғы талаптарымен салынады. Әзірге олардың дизайны белгісіз, дегенмен құрылысы алдыңғыларына қарағанда әлдеқайда күрделірек. Өйткені, метро бекетімен бірге қосымша тағы автобекет пен 5 мың көлікке арналған автокөлік тұрағы салынады.

Жоспарланған метро станцияларының бірі міне осы маңнан ашылады. Оған бөлек қосымша тағы да үлкен халықаралық дәрежедегі автобекеттің құрылысы да жоспарланып отыр. Қазір мұнда әрлі-берлі ағылған көлік ағыны өте көп, қалың. Бірақ метро құрылысы біте салысымен кептеліс мәселесін дәл осы аймақтағы біржолата шешеміз дейді Алматы «Метрополитені»» мен әкімдіктегілер.

Кептелістің көкесі мұнда кеш батқанда басталады. Әсіресе, «Алтын орда» базары мен Қаскелеңге қарай беттегендер таяқ тастам жерге сағаттап әрең жетеді. Ал жаңа метро құрылысы осы мәселені түпкілікті шешеді деп күтілуде. Одан қалды, қалааралық автобустар да осында келіп тоқтайтын болады. Соның есебінен де көлік ағыны азаяды екен. Қос бекеттің жобасы сызылып қойған. Ал құрылысы келесі жылы басталады. Әзірге «Сарыарқа» мен «Достық» станцияларының құрылысы жүріп жатыр. Бекеттер 2020 жылы пайдалануға берілуі тиіс болған. Дегенмен, кешігетін түрі бар.         

Марат Құсайынов, Жолаушылар тасымалы басқармасының бас маманы:

-Теңгенің құлдырауы құрылысқа едәуір әсер етті. Біраз жұмыстар кейінге қалды. Тонельдерді төсеу жұмыстары тежелді. Қаржының жетспеушілігі әрине, көп нәрсеге қол байлау болды. Сондықтан, қазіргі құрылыс баяу жүріп жатыр. Бірақ қаржыландыру тағы тоқтап қалмаса, жаңа қос станцияның құрылысын 2020 жылдың соңына аяқтаймыз деп отырмыз.

Метро құрылысы 90 пайыз отандық материалдардан тұрады екен. Дегенмен, доллармен бірге олар да қымбаттап, мұндағыларды біраз тығырыққа тірепті. Қазір бұларға бюджеттен қаржыны бөліп-жарып беріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде