{metadescription}
 Тонау: Алматыда қымбат көліктердің құралын ұрлайтын қылмыстық топ пайда болды
 Тонау: Алматыда қымбат көліктердің құралын ұрлайтын қылмыстық топ пайда болды

Тонау: Алматыда қымбат көліктердің құралын ұрлайтын қылмыстық топ пайда болды

Тежегіш блогы таңдаудан түспей тұр. Мерседестің тежегіш жүйесіндегі қымбат қондырғысын ұрлау Алматыда сәнге айналған. Дүкендерде сатылмайтын, тек шетелден арнайы тапсырыспен алдырылатын құралдың бағасы 2 жарым мың еуроға дейін барады екен. Мұны нағыз табыс көзіне айналдырған ұрылар алматылық жүргізушілерді зар қақсатуда. 

Қарақшылардың көзіне түскен тежегіш жүйесінің блогы дегеніңіз мынау. Мерседестің «Е» және «SL классик» нұсқаларында болады. Дәл осы бағасы қымбат құрылғыны көліктің ішқұрылысынан суырып алу үшін терезесін сындырса болғаны. Алматыда тым жиілеген сондай ұрлықтан жапа шеккендердің бірі телефонына түсіріп алыпты. Терезені күл-талқан қылған қарақшы басқа бір затқа тиіспей, тек тежегіш блогты шешіп алған.

Виталий Колоколов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Таңертең күндегі әдетімше жұмысқа бармақ боп, көлігіме отырғаным сол еді. Қарасам, екінші терезем қирап жатыр. Көлігім де оталмай қойды. Түгел тексеріп шығайын деп, алдыңғы қақпағын ашсам, ішінде тежегіш блогым жоқ.

Ұрылардың осы бөлшекке қатты қызығуының өзіндік себебі бар. Құны мың еуродан кем түспейтіндіктен, оны сатып мол пайдаға кенелуге болады. 

Валентин Оспанов, автошеберхана меңгерушісі:

-Егер тежегіш блогын жаңа тапсырыспен алдырсаңыз, орташа бағасы 1000-1200 еуро тұрады. Бізге көліктің осы тұсын жөндеуге әкелетіндер көп. Өйткені, 100 мың шақырым жүргеннен кейін тежегіш блогын міндетті түрде жөндеу керек болады. Жөндеудің құны да өз бағасының 30-40 пайызын құрайды.

Сұғанақ қолдардың дәл сол құрылғыны көздеуінің мәні – мұндай бөлшекті іздеушілер көп, бірақ, қара базарда жоқтың қасы. Мәселен, көліктің сым-темірлерін сататын мына базарда тежегіш блогынан басқаның бәрі бар.

-Мұндағы сатушылар күніне мыңдаған автобөлшек сатып алады және соншасын сатады. Қозғалтқыштың ұсақ темір-терсегінен бастап көліктің дөңгелегіне дейін табуға болады. Тек дәл мерседестің тежегіш жүйесінің блогы мұнда жоқ. Өйткені бағасы қалтаға ауыр тиетіндіктен сатушылар да одан бас тартады. 

Дегенмен, тапшы болған тежегіш блогын іздеп келетіндер көп. Сондықтан, ұрыларға да клиент жетіп артылады екен.

Жамбыл Әмірбеков, автобөлшек сатушысы:

-Тек қана Германиядан шыққандықтан, сол жаққа тапсырыс береді. Сөйтіп  ортада бір айдай уақыт өтеді. Одан кейін тапсырыс берген адамымыз айнып кетуі де мүмкін.

Әдетте таптырмайтын тежегіш блогының ұрлығы Алматыда күн санап артып барады. Ал жапа шеккендер көлігінің жағдайын ғаламторға жариялап, бір-бірін сақтандыруға көшкен.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде