{metadescription}
 Жанайқай: Жауаптылар Экспо қалашығындағы тамақтың неліктен қымбат екенін түсіндірді
 Жанайқай: Жауаптылар Экспо қалашығындағы тамақтың неліктен қымбат екенін түсіндірді

Жанайқай: Жауаптылар Экспо қалашығындағы тамақтың неліктен қымбат екенін түсіндірді

Экспо көрмесінің ұйымдастырушылары қалашықтағы ішіп-жемнің қымбаттығына қатысты түсініктеме берді. Мәселен бір мейрамханада қуырдақ құны 6500, екі стақан компот 1200, бір шәугім шәй 2000 теңгеден сатылып жатыр. Ал Қазақстанға келіп ұлттық тағам іздеген туристер таппай табан тоздырып жүр. Ұйымдастырушылар болса бәрі бар, баға орташа деп бет бақтырмайды. Алайда біздің түсірілім тобы келгенде қалашықтың саудасын бақылайтын шенеуніктің қағазы мен сөредегі баға әртүрлі боп шықты.

-ЭКСПО көрмесі бір-екі сағатта аралап бітіретін мұражай емес. 174 гектарға жайылған павильондарды тамашалап шығуға бірнеше күн кетуі мүмкін. Бір шықсаң, қайтып кіруіңе жаңа билет сұрайтын көрмеде жүрек жалғамасаң болмайды. Ал бағалар мынадай.

Қалашық ішіндегі жалғыз қазақ ұлттық мейрамханасында өзбектің палауы 4 мыңға барады.Грек салаты 3200. Сорпа 3 мың. Қуырдақты 6500-ға жеп, шөліңді 1200-дің компотпен басасын. Өңірлерден келген қатардағы азаматтар осыншама ақшаны қайдан аламыз деп таң. Ал мынау италиян мейрамханасы. Бұл жерге қарапайым мұғалім, дәрігердің кіре қоюы екіталай. Түстік кезі болса да, жүрек жалғап отырғандар шамалы.

Павел Соболев, мейрамхана меңгерушісі:

 -Қонақтарымыздың дені италиялықтар. Шетелдіктер көбірек. Аракідік қалталы қазақтар да келіп тұрады. Олардың бәріне қуаныштымыз. Орташа чек 5 мың мен 10 мың аралығында.

Ал 10 мыңды қимағандар көрме ішіндегі 14 сауда дүңгіршегінен арзандау тамақ алып, жүре жейді.

-Су алдық, кофе, сосын круасан. Қанша төледіңдер?

-2400.

Ал мына меймандар 10 мыңы болса да, италияның пастасын емес, қазақ жерінде қазақтың ұлы асын таппай сенделіп жүр.

-Көп тамақ жоқ, іздеген. Қырғызстаннан келіп, қазақтың етін жейік десек, ол да жоқ. Сол үшін басқа жаққа бара жатырмыз.

Қырғыз ағайындар бөлек жақтан да төл тағам таппайды. Себебі көрме аумағындағы 11 мейрамханының ең қазақысы сол, өздері шыққан қымбат кешен. Көрме ұйымдастырушылары кәсіпкердің ісіне араласқысы жоқ.

Дәулет Еркімбаев, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ коммерция департаментінің директоры:

-Көрме дүкен емес. Бизнес пайда табуы керек. Олар барлық инфрақұрылымды жасау үшін шығындалды. Жақсы ат үшін ешбір кәсіпкердің көрмеге келмейтіні анық қой. Сіз айтып отырған судың орташа құны бізде 250 теңге.

Судың сұрауын салғанымыз, жарты литр суды біз де 350 теңгеге алдық. «Мүмкін емес» деген ұйымдастырушы дүңгіршектің алдына келгенде басқа баға көріп састы.

-Бағасы  350. Жоқ, біз ауыстырамыз. 350 теңге болмайды.  

Бір сөзбен осы орнаған баға - баға. Артпаса кемімейді. Себебі көрме ішінен бір шаршы метрді 1миллион 200 мың теңгеге жалдайтын кәсіпкердің мақсаты – табыс табу. Сондықтан Экспоны көруге келгендерге осындағы бағаны қанағат тұтуға тура келеді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.