{metadescription}
 Қылмыстық топ: Депутат жалғызбасты қарттарды риэлторлардан заңмен қорғауды талап етті
 Қылмыстық топ: Депутат жалғызбасты қарттарды риэлторлардан заңмен қорғауды талап етті

Қылмыстық топ: Депутат жалғызбасты қарттарды риэлторлардан заңмен қорғауды талап етті

Елімізде жалғызбасты қарттардың мал-мүлкі туралы ақпарат құпия сақталуы тиіс! Депутат Кәрібай Мұсырман әсіресе қараусыз қалған егде кісілердің атындағы баспанаға қатысты мәліметті жасырын ұстау қажет деп отыр.   

Өйткені, соңғы кезде жалғыз өмір сүріп жатқан зейнеткерлердің соңына түсіп, оларды ұрып-соғып, пәтерін мұраға қалдыру туралы  хат қалдыруға мәжбүрлеумен айналысатын қылмыстық топ көбейіпті. Ал олардың қатарында бұрынғы полицейлер мен нотариус қызметкерлері көп. Депутат Алматыда қарияларды өлтіріп, кейін үйлерін заңсыз иеленіп алған қарақшыларға қатысты атышулы оқиғаны да еске алды. Жуырда 20 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған болатын. Олар 4 қарт кісінің пәтеріне жалған құжат жасап, сатып жіберген. Сыбайластар тағы 45 қылмысқа қатысы бар деген  күдікке ілігіп отыр. Ал баспана иелері із-түссіз жоғалып кеткен.

Кәрібай Мұсырман, Мәжіліс депутаты:

-ІІМ бұрынғы полиция қызметкерлерінің ұйымдасқан қылмыстық топқа кіруге не итермелегенін анықтауы және ондай себептерді болдырмауға бағытталған шараларды қолдануы, сондай-ақ, полицияның жеке құрамы арасындағы тәрбие жұмыстарын күшейтуі тиіс. Төртінші, Әділет министрлігі нотариустардың жасаған іс-әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу ережелерін қатаң сақтауын бақылауды күшейткен жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде