Реформа: Ішкі Істер министрі алатаяқтан соң полицейлердің радарын тартып алғалы жатыр
Бұтаның арасында тығылып, радармен аңдуға тыйым салынбақ. Елімізде таяғынан айырылған полицейлерге енді радарды қолдануға да шектеу қойылып жатыр. Өйткені, жылдамдық өлшейтін құрылғыны пайдаланатын жол сақшылары параға әбден дәнігіп алған.
Автор: Досжан Маратұлы
14.06.2017
Мұндай заңсыздықты азайту үшін радардан бас тартып жатқан Ішкі істер министрлігі олардың орнына бақылау камераларын көбейтпек. Бұл жылдамдықты асырған жүргізушіні бірден суретке түсіріп алып, ақпаратты орталық базаға жібереді. Жалпы еліміздің жолдарында осындай екі мыңға жуық камера орнатылған. Солардың арқасында өткен жылы түрлі айыппұлдардан бюджетке 5 миллиард теңге түсіпті.
Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:
-Биылдан бастап қолға ұстайтын ескі радарды қолдануды азайтамыз. Сөйтіп, келер жылдан бастап толық тыйым салынбақ. Олардың орнына алынатын жаңа құрылғылар әлдеқайда тиімді. Ал, жол ережесінің бұзылғаны жайлы ақпарат жүргізушілердің поштасына жіберілетін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!