{metadescription}
Дұрыс мамандық таңдау – бақытты өмір сүрудің баспалдағы!
Дұрыс мамандық таңдау – бақытты өмір сүрудің баспалдағы!

Дұрыс мамандық таңдау – бақытты өмір сүрудің баспалдағы!

Алматыда «Дара» қорының ұйымдастыруымен «Мамандықтар фестивалі» өтіп, онда түрлі сала өкілдері жасөспірімдерге қоғамға ең қажетті деген мамандықтар жөнінде дәріс оқылды.

Зал толы отырған бұл жеткіншектердің барлығы 15 пен 18 жас аралығындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері. Қазіргі қоғамға ең қажетті деген мамандықтар жөнінде ақпарат алып отыр. Біразы қазірдің өзінде қол еңбегіне саналатын салаларды таңдап үлгерген.

Әділбек Әділханұлы, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

- Дәнекерлеуші мамандығында оқып жүрмін. Оның түк ауыры жоқ екен. Тек өзің көзіңе қарасаң болды.

Мұнда жиылған жүзге тарта бала қала мен облыс аумағындағы бес бірдей балалар үйінен жиылған. Колледжден тәлім алып жүргендердің кейбірі әлі де өз бақтарын басқа салаларда сынап көруге қарсы емес.

Мәлік Есқожин, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

-Кішкентайымнан  ұнатам тамақ жасауды. Аспазшы болғым келеді. Бизнесте де өзімді сынап көргім келеді.  

Шараға ұйытқы болған «Дара» қоры олардың электрик, дәнекерлеуші немесе аспаз бен даяшы болып қана қоймай, бизнес пен банк, сауда секілді қоғамның басқа салаларына да ден қоя алатындығына көздерін жеткізуді мақсат тұтқан.

Сара Қазыбаева, «Дара» қорының менеджері:

-Мамандық таңдауға, репетитор жалдайды. Басқа шетелде оқуға жағдайы бар адамдар. Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар мұндай мүмкіндік жоқ. Сондықтан, осы жылы бірінші рет өткізіліп жатыр. Әрі қарай жалғастырамыз деп отырмыз.

 «Мамандықтар фестивалін» Алматыда бірінші рет өткізген ұйымдастырушылар алдағы уақытта бүкіл республика көлемін қамтуды көздеп отыр. Қазірдің өзінде Астанада өткізу жоспарланып қойған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде