{metadescription}
 Қарағандының қақ ортасында кеңес кезінен жұмыс істеп тұрған ірі дүкен өртенді
 Қарағандының қақ ортасында кеңес кезінен жұмыс істеп тұрған ірі дүкен өртенді

Қарағандының қақ ортасында кеңес кезінен жұмыс істеп тұрған ірі дүкен өртенді

Сауда орталығы көпқабатты үйдің астында орналасқандықтан түн ортасында үйдегі 500-ден аса тұрғынды далаға шығаруға тура келді.

Ал жалын әп-сәтте қарқын алып, ғимараттың кіре берісіне дейін шарпыған. Апат орнына шұғыл жеткен 80 өрт сөндіруші мен 20 арнайы техника отты бір сағатта сөндірді. Белгілі болғандай, тілсіз жау 180 шаршы метр жерді жалмапты. Ұсақ-түйек тауар жанғандықтан, қою қара түтін жоғарғы қабаттардағы пәтерлерге енген. Сондықтан құтқарушылар үй тұрғындарын тегіс далаға шығарған. Қазір апаттың себебі мен келген шығын анықталып жатыр.

Елена Лисицына Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Түнгі сағат 12 лерде пәтерді қара түтін алып кетті. Өрт сөндірушілер келіп, басымызға демалатын аппараттар кигізіп далаға алып шықты. Сәл болмаса тұншығып қалады екенбіз. Бүгін пәтердің іші қап-қара күйе боп тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде