Каспий теңізінде қалып қалған кеме жағалаудан алынатын болды
Каспий теңізінде қайраңдап қалған мұнай тасымалдаушы кеме 10 күн ішінде жағалаудан алынуы тиіс. Маңғыстау облысының билігі танкерді залалсыздандыру үшін құзырлы орындарға бүгін осындай талап қойды. Ол үшін алдымен кемені тиелген мұнайдан арылту қажет. Себебі, борттағы метан көрсеткіші 51 пайызға жоғарлап кеткен.
Автор: Аида Базарбайқызы
15.06.2017
Экологтардың айтуынша ауадағы метан күн ыси келе жарылуы мүмкін. Осыдан сақтанған аймақ басшылығы бір апта ішінде босату үшін қажетті қаржыны бөлеміз деп отыр. Әзірге, қанша қаражат кетері белгісіз. Тек толық тексеруден кейін ғана анықталмақ. Естеріңізде болса, «Аракс» атты ресейлік алып кеме 7 айдан бері Каспий жағалауында қайраңдап қалған еді. Бұл кемеге иелік еткен компания бүгінгі таңда жұмыс істемейді. Алайда танкер әлі де Ресей федерциясының меншігінде. Әйтсе де, жергілікті билік енді бұл тараптың қимылдауын күтуге уақыт жоқтығын айтады. Ал, бүгінде мұнай тасығыш кемеде суретке түсу ақтаулықтар үшін әуеске айналған. Осыған байланысты әкімдік, кемені толыққанды залалсыздандырғанға дейін ешкім жіберілмесін деп отыр.
Маралбек Сейілов, Маңғыстау облыстық әкімідігінің бөлім басшысы:
- "Экологиялық апат болмас үшін Каспий айлағында "азаматты қорғау Туралы", заңы бар. 15-бап. 15-бабының негізінде, жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдайлардын алдын алу үшін облыс әкімі резервтік қордағы қаражаты бөлуге құқығы бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!