{metadescription}
Каспий теңізіндегі итбалықтардың жаппай қырылу себебі белгілі болды
Каспий теңізіндегі итбалықтардың жаппай қырылу себебі белгілі болды

Каспий теңізіндегі итбалықтардың жаппай қырылу себебі белгілі болды

Жануарлардың өліміне мұзжарғыш кеме мен броконьерлер құрған қытайлық торлар кінәлі екен. Өлекселерге жасалған сараптама қорытындысын жариялаған Ауыл шаруашылығы министрлігі осылай деп отыр.

Айтуларынша, аймақта дабыл қағарлық мәселе жоқ. Жануарлардың денесінен ешқандай ауру анықталмаған. Тек теңіздегі қытай торынан құтылсақ итбалық енді өлмейді дейді министрлік өкілдері. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Каспий жағалауынан жаппай қырылған итбалықтардың өлекселері табылған еді. Бірақ Алматыдан вирусологтар жеткенше, жергілікті билік олардың басым бөлігін өртеп жіберген. Сондықтан, тәуелсіз сарапшылар нақты себепті айту мүмкін болмай отыр деп шағымданған-ды. Ал, ауыл шаруашылығы министрлігінің қорытынды жасауына өлекселердің аздығы қиындық тудырмаған сыңайлы. 

Марлен Айнабеков,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін орындаушы:

-Біз сараптама жасадық. Ешқандай экологиялық апат жоқ. Бәрі адам қолымен жасалып отыр. Қытай торларының кесірінен өлген көбісі. Сондай-ақ мұз еркіген кезде үлкені бар кіші бар үш жүзден астам итбалықтың қырылғаны да белгілі болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.