{metadescription}
Мұратхан Тоқмәди тамыздың ортасына дейін изоляторда қалатын болды
Мұратхан Тоқмәди тамыздың ортасына дейін изоляторда қалатын болды

Мұратхан Тоқмәди тамыздың ортасына дейін изоляторда қалатын болды

Қарақшылықпен айналысты деген күдікпен ұсталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді бүгін сот екі айға қамауға алуға санкция берді.

Диас Махамбетов, Алматы қалалық соты ақпаратпен қамту бөлімінің жетекшісі:

-Қамауға алу туралы қаулыны Алмалы аудандық соты шығарды. Мұратхан Тоқмәди қылмыстық кодекстің 194 бабы 2 бөлімі 3 тармағына сәйкес, ірі көлемде ақша бопсалады деп айыпталып отыр. Осы баптың жазасы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және барлық дүние мүлкін тәркілеу.

Алматыдағы шыны зауытының қожайынын қамау үшін дүйсенбі күні тіпті Астанадан қарулы жасақ алдырылып, арнайы оперция ұйымдастырылған болатын. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Тоқмәди қазір иелігіндегі шыны зауытын 12 жыл бұрын басқа әріптестерінен бопсалау арқылы тартып алған. Сөйтіп, мекемеге 185 миллион теңгеден астам шығын келтірген көрінеді. Құзырлы орындар Тоқмәди «Депутаттық корпус» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топқа жетекшілік етті деп те күдіктенеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде