Атырау облысында ұшты-күйлі жоғалып кеткен 8 жасар қыз бала іздестіріліп жатыр
Айкөркем Алдамжар кеше кешкісін есік алдына ойнауға шығып, содан қайып оралмаған.
Автор: Жанар Низамутдинова
15.06.2017
Әуелі өз күштерімен іздеу жұмыстарын жүргізген ата-анасы, еш нәтиже болмаған соң, кешкі 10-дарда полицияға арыз түсіріпті. Құтқарушылар мен полицейлер суға кеткен болуы мүмкін деп, Айкөркемді кеше түннен бері Жайық өзенінен іздестіріп жатыр. Өйткені, өзен ауылдың дәл іргесімен ағады. Көмекке мұғалімдер мен ауыл тұрғындары да жұмылдырылыпты. Олар да түнімен сол маңдағы тоғайды шарлап таңға дейін іздеумен болған.
Болат Дүйсенғалиев, Бесікті орта мектебінің директоры:
-Мектептің мұғалімдері түнімен жүрдік, таңертеңгі 5-те тағы бастадық күн жарық болғанда. Жайықтың жағасын түгел бөлініп-бөлініп, ауылдың шетін, ішін түгел аралап шықтық. Таба алмадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!