Қазақ жеріне қанша ракета құлады?
Бұл Ресей зымыранының қазақ жеріндегі алғашқы апаты емес! 2007 жылы осы Жезқазғаннан 40 шақырым жерде тағы бір ғарыш кемесі құлап, тонна гептил төгілген болатын. Ол кезде ресейліктер 2 жарым миллион доллар айыппұл төлеп құтылған.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
15.06.2017
4 жыл бұрын да Байқоңырда «Протон-М» ғарыш кемесінің ұшырылымы жойқын апатпен аяқталды. Көкке көтерілген зымыран 17 секундтан соң жарылған болатын. Салдарынан 600 тонна гептил төгіліп, жүздеген гектар жер бүлінді. Ол кезде ешкім зардап шекпегенімен, жарылыстан кейінгі түтіннің уын маңайдағы жұрт жұтты. Қоршаған ортаға келген залал 13 миллардқа бағаланды. Бірақ Ресей оны сол күйі өтеген жоқ. Ал, 2014 жылы Байқоңырдан ұшырылған тағы бір зымыран орбитаға жетпей, 9 минуттан соң әуеде жарылған. Қайта ол кезде, ғарыш кемесі Қазақстан аумағына құлаған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!