{metadescription}
Сенаторлар "Роскосмостан" шығынды толық өтеуді талап етті
Сенаторлар "Роскосмостан" шығынды толық өтеуді талап етті

Сенаторлар "Роскосмостан" шығынды толық өтеуді талап етті

Ал, бір адамды ажал құштырып, қазақ даласын өртеген апатты "Роскосмос" ауа райынан көріп отыр. Төтенше жағдайлар комитеті де зымыранның улы гептилмен емес, керосинмен ұшқанын айтып, экологияға үлкен зиян келген жоқ дегенге сендіріп бағуда.  Сондықтан Талап ауылына улы гептил төгілді деген мәліметті жоққа шығарды.

"Союз" зымыранының бөлшегі құлап, апат болған маңдағы жұрт қатты дүрлігіп қалған. Өйткені, зымыранның қалдығымен бірге жерге улы гептилдің төгілгені туралы ақпарат пен мына видео лезде тарады. Осыны көріп шошыған адамдар қауіпті гептилден қорғану үшін далаға шығуға қорқып қалған.

-Қап-қара түнек болып кетті.

Жұрттың қорқатын жөні бар. Қайта керосині бар зымыран қалдығы Талап ауылынан 16 шақырым қашықтықта құлаған. Егер ракета бөлшегі елді мекенге түссе 700-ден астам тұрғыны бар ауылды түгел қызыл жалын жайпауы мүмкін еді.

-Байқашы, байқаш!

Ал, Төтенше жағдайлар комитеті алып аумақты отқа орап, бір адамды ажал құштырған зымыранның улы гептилмен емес, кересинмен ұшқанын айтып отыр. Сондықтан дала өртенсе де, қауіп жоқ деп сендіруде.

Руслан Иманқұлов, Төтенше жағдайлар комитеті:

-Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ. Шындыққа жанаспайтын ақпараттарды таратуға болмайды. Оған сенуге де болмайды.  .

Десе де, даланы қара түнек қылған, қою түтінге қарап қауіп жоқ деп айту ертерек секілді. Мыңдаған гектарды жайпаған қызыл жалын табиғатқа орасан зор залал келтіруі мүмкін. Сондықтан "Роскосмос" келтірілген шығынды толық өтеуі тиіс дейді сенатор Мұхтар Алтынбаев.

Мұхтар Алтынбаев, Сенат депутаты:

-Мұны жақсылап сараптап зерттеу керек. Өйткені құлауын қоймай қойды. Сондықтан ракетаның жанармайы дұрыс болса да, қозғалтқышында ақау болған сияқты.  

Ал, ұшырылымға жауапты "Роскосмос" әзірге нақты ештеңе ашып айтқан жоқ. Тіпті тексеріс басталмай жатып, сүттен ақ, судан тазамыз деп отыр.

-Ракета бөлшегі құлаған кезде қолайсыз ауа райы болған. Яғни, 34 градус ыстық әрі жел тұрды. Бұл жағдайды тіптен қиындатып, дала өртеніп кетті. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз.

Десек те апаттың себебін анықтау бірнеше айларға созылатыны белгілі. Шенеуніктер қоршаған ортаға келтірілген шығынды есептейміз дегенімен оның қайтарылуы екіталай. Қазір зымыран қалдығы  үстеріне құлай жаздаған Талап ауылы апаттан естерін енді жинай бастаған. Тұрғындарға басу айтқан жергілікті атқамінерлер ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп сендіруде.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде