{metadescription}
Алматыда бір топ тұрғын үйлерінің құлау алдында тұрғанын айтып дабыл қақты
Алматыда бір топ тұрғын үйлерінің құлау алдында тұрғанын айтып дабыл қақты

Алматыда бір топ тұрғын үйлерінің құлау алдында тұрғанын айтып дабыл қақты

Бұл жолы дауға себеп болған атышулы Алғабас емес, мемлекеттік бағдарламамен салынған басқа баспана. 6 қабатты нысанның жертөлесі жиі суға толып, ақыры іргетасы отырған дейді тұрғындар. Салдарынан сыртқы қаптамасы ажырап кетіп, енді маңайын қоршап қоюға тура келген. Негізі үйдің сапасына сын бұрыннан айтылып жүр.

6 қабатты мына үйдің сырты да, іші де түтін. Іргетасынан бастап шатырына дейін кемшілігі көп. Жаңбыр жауса жертөлесі әпсәтте көлшікке айналады. Соның кесірінен үйдің іргетасы отырған дейді тұрғындар.

- Жұрт мұнда көшіп келгенде-ақ қабырғаларда сызат пайда бола бастаған. Оған ешкім мән бермей жүргенде, жарық сәт сайын ұлғая беріпті. Соның кесірінен, үйдің сол жақ бөлігінің сау жері жоқ. Тіпті, қазір мына қабырғасы түгелдей опырылып құлаудың алдында тұр.

Жергілікті шенеуніктер мен құтқарушылар қауіпті мұны енді түсінген сыңайлы. Тұрғындар талай шағымданғанда тырп етпеген олар кеше аяқасты келіп, маңайды қоршаған.

Гүлнар Иманбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жер сілкіністері болып жатады. Әрине қорқамыз. 2-3 айда салынған үйлер, білесіз ғой енді, қандай жағдайда болатынын. Жазда салынып жатқан жоқ.

Сөйтсек, бұл ауладағы барлық үйдің қабырғасы қақырап тұр екен. Жұрт шенеуніктердің үйлерді қабылдап алғанда қай көзімен қарағанына ашулы.

Басқасын айтпағанда, осындай ұсақ-түйек кемшіліктің өзін қалпына келтіруге пәтер иелері кооперативі де құлықсыз екен. Бірақ, коммуналдық мекеме бүгін ерекше белсенді. Құрал-жабдығын асынған қызметкерлер құлағалы тұрған қабырғаны жөндеуге келіпті. Ал, іргетастан еш қауіп жоқ деп сендіріп отыр олар.

Құрылыс компаниясының жауабы да осыған саяды. Үйдің сапалы екенін айтып, өздеріне шаң жуытар емес.

Мақсұт Қажығали, құрылыс компаниясының өкілі:

- Біздер тапсырғанда асфальт орнында жатты, бетон да. 10 жылда ондай-ондай болады.  Жабындыны қайта салып береміз.

Осылайша, қақыраған қабырғаны 2 күнде жөндеп беруге уәде етті.

Әрі басқа қауіп жоқ, сондықтан жұрт емін-еркін тұра берсін деп отыр. Бірақ, бұдан тұрғындардың көңілдері орнына түскен жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде