Қазақ даласын қуаңшылық жайлауы мүмкін
Күннің күрт жылынуынан жауын-шашын азайып, онсыз да ылғалға зәру қазақ даласын қуаңшылық жайлауы мүмкін. Отандық климатологтар алдағы 50 жылға осындай болжам жасап отыр.
Автор: Аруна Ортай
16.06.2017
Оған себеп -ауа-райындағы өзгерістер. Бұрын циклон батыстан-шығысқа қарай ығысатын болса, қазір оңтүстіктен ыстық леп көбірек соғатын болыпты. Ал температура 1 жарым градусқа көтерілген. Соңғы кездері жиілеп кеткен су тасқыны мен сел, дүлей жел соның салдары екен. Қазгидрометтегілер нағыз өзгерістер әлі алда деп отыр. Өйткені, 30-40 жылдан кейін күн тағы ыси түсіп, ал осы ғасырдың соңына қарай бірқатар өзен-көлдер Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін. Қуаңшылықтан қашып құтыла алмаймыз, дегенмен ол процесті кешеуілдетуге болады екен.
Пайызхан Қожахметов, «Қазгидромет» РММ ғылыми зерттеу орталығының директоры:
-Парникті газдарды азайту керек. Біз қазір атмосфераға тастап жатқан парникті газдардың мөлшерін жылдан жылға азайтып, сол кезде температураның қарқынды өсуі төмендейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!