Алматыда сот орындаушылары заңсыз салынды деген желеумен екі үйдің күл-талқанын шығарды
Бала-шағаның көз жасына қарамай баспанасын қиратты! Алматының Қайрат ауылында сот орындаушылар заңсыз деп танылған екі үйдің күл-талқанын шығарды. Жұрт бұл жерді он жыл бұрын сатып алып, үй тұрғызған екен. Дегенмен, шенділер тұрғындардың айтқанын жоққа шығарып отыр. Бейберекет басып алған жерден үйлерін бұзып, қууға тура келді дейді олар.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.06.2017
Ақ жағалылармен айғайласып жүрген мына кісілердің қайығысы ортақ. Талай жыл пана болған үйлерінің айран-кестеңі шыққан. Ағашы мен қамысы ыржиып қалған үйрін таңертең арнайы техникамен келіп бұзып тастады. Үйді қиратуға келгендер үлкен-кішіге қарап жатқан жоқ.
Гүлсара Мұсаева:
-Осылар денсаулығымды құртты. Қарашада бір жаттым ауруханада. Кеше тағы, қысымым көтеріліп кетті. Мен естіп жатырмын ғой. Саған ақша берем, құрт мына кемпірді деп тұр.
Күл-талқаны шығып жатқан үй әсіресе осындағы кішкентайларға ауыр тиді. Қарсыласып, үйін қорғаштағанда таяқ жеп қалған. Көкірегін өксік басқан бала қай бөлмеде ас ішіп, қай жерде асыр салғанын енді тек есінде ғана сақтайды.
Мағжан Ақберген:
- Мына жерде әдемі ойнайтын орындарымыздың бүкілін құртып шықты, бір-ақ сәтте. Мені келіп итеріп, ұрып жатыр. Сүйреп шықты бүкілімізді.
-Қамыстан салынған жер үй осыдан он жыл бұрын тұрғызылған. Үй иесінің айтуынша, содан бері баспанаң заңсыз деп даулап келген ешкім болмапты. Тек бірер күндікте пайда болған қиратушылар еңіреген баланың көз жасына қарамастан 70 шаршы метр үйдің осылай ойран-топанын шығарған.
Екінші үйдің де қабырғалары опырылып, үйіндіге айналған. Ал трактор әкеліп, баспаналарды шетінен түйдіріп жүргендердің қолында соттың шешімі бар. Жұрт жерді заңсыз басып алған дейді олар. Ал ешқандай ескерту айтпады дегенді жоққа шығарды.
Қайрат Бейсембаев, жеке сот орындаушысы:
-Мамырда заңды түрде хабарлама бергенбіз. Ол жерде аудандық прокурор да барлық мемлекеттік органдар болды. Ол туралы бізде видеоматериал бар түсірілген. Олар ол жерде біздің қағазды ешқашан қабылдамайды, қол қоймайды.
Ал баспанасынан бір күнде айрылған мына жұрттың енді қайтіп күнелтері белгісіз. Шиеттей бала-шағамен далаға қалған олардың соңғы үміті Жоғарғы сотта. Сол жаққа шағым жазып, жерін қайтарып алудың қамына кіріспек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!