{metadescription}
 Теңге тағы тұрақсыздана бастады
 Теңге тағы тұрақсыздана бастады

Теңге тағы тұрақсыздана бастады

Сарапшылар күшейеді деп болжаған ұлттық валюта үш күн қатарынан құнсызданды.

Мамыр айының соңында теңге тұрақталғандай сыңай танытқан еді. Долларға шаққандағы бағамы 310-313-тен аспаған. Тек маусымның басында ғана 3 теңгеге құнсызданды. Ал осы соңғы апта, тіпті, алаңдатарлық. Өйткені, доллар күн санап өсіп жатыр. АҚШ ақшасының бағамы бүгін де көтеріліп, қор биржасында 319 теңге 70 тиыннан сатылды. Ақша айырбастау орындары оны 321 теңгеден саудалауда. Мұнай бағасы да мәз емес. Қара алтынның құны 46 долларға түскен. Биржаны бүге-шүгесіне дейін біледі деген сарапшылар бұған дейін мүлде басқа болжам жасаған болатын. ОПЕК-ке мүше елдердің өндірісті азайту келісімінің арқасында мұнай бағасы барреліне 60-70 долларға дейін өсіп, теңге күшейеді деген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде