Павлодарда бір ай бұрын өзіне қол салған 17 жастағы студент қыздың денесі табылды
Көпірден секіріп кеткен бойжеткенді өзен портының қызметкерлері аңғарып, құтқарушыларға хабар берген болатын.
Автор: Әйгерім Шакаманова
19.06.2017
Қыздың денесі өзен портынан бес шақырым жердегі бұталардың арасынан бүгін таңертең табылды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар, бойжеткеннің денесін тану үшін, мұнда оның ата-анасын шақыртыпты. Марқұмды киімі мен мойнындағы алқасынан таныған жақындары, енді оны сәрсенбі күні жер қойнауына тапсырмақшы. Естеріңізге салсақ, 17 жастағы Рәния мамырдың 13-і күні дүкенге кетіп, сол күйі үйге оралмаған. Кейін оның көпірде тұрғанын байқаған шаһар тұрғындарының бірі жақындап, тілдеспек болыпты. Бірақ, бойжеткенді құтқаруға үлгермеген. Ал оның бұл қадамға не себеппен барғаны әзірге белгісіз. Ертіске секіріп кеткен қызды құтқарушылармен бірге еріктілер де бір айдан бері судан іздеген еді.
Сергей Лебедев, Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару бөлімі бастығының орынбасары:
– Қыздың денесі бұталардың арасынан табылды. Ағып келгенге ұқсайды. Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер кіріскенімен, ернеуінен асқан өзен суынан бойжеткеннің денесін табу қиынға соқты. Кешенің өзінде судан алты адамды құтқарып қалдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!