Жаңа дерек: Алматыда жатақханада өлтірілген студенттің курстастары өздерінен ақша бопсалағандардың есімдерін атады
500 теңге үшін ажал құшқан! Әлімжеттік кесірінен, аграрлық университеттің жатақханасында жан тапсырған студентке қатысты сотта бүгін куәгерлерден жауап алынып жатыр. Марқұм Дидар Болысбектың курстастары өздерінен ақша бопсалағандар мен қоқан-лоқы көрсеткендердің есімдерін түгел атады. Алайда, айыпталушы орындығында басында айтылғандай 7 адам емес, екінші курстың жалғыз студенті отыр. Марқұмның жақындарының жанына бататыны да осы жайт.
Автор: Асыл Әділханұлы
19.06.2017
Студент өліміне қатысты сот отырысында ине шаншыр орын жоқ. Процеске келгендердің біразы залға сыймай сыртта тұр. Себебі бүгін марқұм Дидардың туыстары мен үлкендерден жәбір көрген бірінші курс студеттерінің біразы келген. Олар сотта өздерін сабағандардың аты-жөнін жіпке тізді.
Дархан Нұғматов, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенті:
-Ол жерде Самғат, Баука, Ерлан деген жігіттер болды. Үш жүзінші бөлмеде Досбал және Тойчыбек болды. Досбол бәрімізді бір-бір соққыдан ұрып шықты. Кейін Тойчыбек ұрды. Дидар бауырым 4-5 ші боп тұрған. Ол сол жерде қайтыс болып кетті.
Ерегестің барлығы ақша бопсалаудан басталғаннын студенттер ашық айтып отыр. Жатақханада теңгесі біткендер тепкінің астында қалады екен. Аграрлық универсиеттің жүйесі сондай. Тараздың тумасы Дидар Болысбек те соның құрбаны.
Қайырбек Нәбиев, Дидар Болысбектің әкесі:
-Оқиғаның алдында үш күн үйде болып анасының қолынан тамағын ішіп кеткен бала. Артық ештеңе айтпайтын. Бір сөзін-ақ естідім. Шіркін, екі ай өтсе екен, сосын пәтерге көшем деген.
Бірақ үгермеді. Жоғары курстың балалары 500 теңге үшін оны өлімші етіп сабап өлтірді. Бүгінде соның тек біреуі ғана сот залында. Басты күдікті ретінде Тойчыбек Асамов жауап беріп жатыр. Қалғандары аты-аталып, кімнен қанша ақша алғанына дейін жіпке тізілсе де еш шара қолданылар емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!