Алматыда "Челси" клубына баруға берілетін жолдама үшін нағыз тартыс басталды
Бүгін Алматыда жетім балалар мен мектеп-интернаттары арасында 5-ші футбол чемпионатының финалдық ойындары басталды.
Автор: Аида Мағыпар
20.06.2017
Ақтық бәсекеге биыл еліміздің 10 облысынан 12 құрама қатысып жатыр. Ал жеңімпаздардың басты сыйлығы – Англия примьер-лигасының чемпионы «Челси» футбол клубына баратын жолдама. Бұл іс-шараның басты мақсаты жетім балалар арасынан дарындарды тауып, үлкен спортқа жолдарын ашу. 2013-ші жылдан бері бұл чемпионатқа 1500 бала қатысыпты. Соның 45-і Еуропаның беделді футбол клубтарына барып, футбол майталмандарымен кездесіп қайтқан.
Гүлзат Сахова, «Бауыржан» қайырымдылық қорының әлеуметтік жобалар бойынша үйлестірушісі:
-Осы 5 жыл ішінде "Милан", "Барселона", "Атлетико"," Мадрид" сынды әйгілі футбол клубтарына барып келді. Биылғы чемпиондар әйгілі ағылшын примьер-лигасының Челси футбол клубына баруға жолдама алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!