{metadescription}
Қарағанды облысында күллі елге өтірігімен танылған қорықшылар жұмыстан қуылды
Қарағанды облысында күллі елге өтірігімен танылған қорықшылар жұмыстан қуылды

Қарағанды облысында күллі елге өтірігімен танылған қорықшылар жұмыстан қуылды

Қарағанды облысындағы «Ақбөкен» табиғи қорығын күзеткен 10 инспектор мен қорық директоры жұмыстан қуылып тынды. Себебі, олардың қуғыннан қашқан броконьерлер оқ атып, көлігімізді өртенді дегені жалған болып шыққан.

Мына видеоны 6 инспектордың айтқанына сүйеніп, кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев ғаламторда жариялаған. Қолданушылар болса, броконьерлердің қылмысын сөгіп, біраз дүрлікті. Сөйтсе, инспекторлар шытырман оқиғаны ойдан құрастырған боп шықты. Тиді деген оқ іздері табылмаған, көліктен ақау шығып өздігінен өртенген екен. Жалған ақпар берген алтаудың ісін енді полиция қарап жатыр. Ал, қорықтың қамқорлық кеңесінің мүшелері ондағы ұжымды тегіс жұмыстан шығарып жіберіпті. Айтуларынша, мына масқарадан соң қорықшының барлығы сенімді жоғалтқан. Дегенмен, қызметтен қуылған директор бұл шешіммен келіспейді. 

Игорь Милосердов, «Ақбөкен» табиғи қорығының бұрынғы директоры:

-Оқиға орнында болмаған 4 қызметкер де жұмыстан кетті. Олардың қандай қатысы бар? Тергеу дәлелдесе жалған сөйлегендер ғана жазалансын. Бірақ, ішкі тексеріс жүргізбей тұрып, қамқорлық кеңесіндегілердің ақпаратты ғаламторға жариялауы да дұрыс болмады. Мұндай басшылар бар жерде мен де қалғым келмейді

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде