{metadescription}
Болжам: келіншекті екі аяғынан айырған апатқа басқа көліктер себеп болуы мүмкін
Болжам: келіншекті екі аяғынан айырған апатқа басқа көліктер себеп болуы мүмкін

Болжам: келіншекті екі аяғынан айырған апатқа басқа көліктер себеп болуы мүмкін

Ашық қалған люкке Алматының шенділері енді осындай уәж айтты. 

Нұрсұлтан Оразымбетов, Бостандық ауданы әкімдігі көріктендіру бөлімінің бас маманы:

- Әл-Фараби даңғылы арнайы трассаға жатады. Оның жылдамдық режимі 80-ге шейін барады.

Өйткені, көшедегі құдықтар күнделікті тексеріліп тұрады деп сендіріп отыр жауапты шенеунік. Сондықтан, апатқа себеп болған люктің ашық қалуына сол көшемен алдында өткен басқа көліктер себеп көрінеді. Ал, кеше олардың аяқасты жаппай жаңартылуын әкімдік өкілі жол апатымен байланыстырмайды. Айта кетсек, қайғылы оқиға жұма күні болған. Ашық люкке түсіп, дөңгелегі жарылған Honda жол ортасына тоқтаған бетте автобуспен басқа жеңіл көлік келіп соқтығысқан. Сөйтіп, екі машинаның ортасында жас келіншек қыстырылып қалып, екі аяғынан айырылған болатын. Екатерина Парафиева бүгін жан сақтау бөлімінен шығарылды. Науқастың қазіргі жағдайы орташа. Ал, адвокат жалдаған жақындары, кінәлілерді жауапқа тартқызбай тынбаймыз деп бекініп отыр.

Жанна Мұхамади, адвокат:

-Әлі ешқандай сараптамалар басталмаған. Қазіргі күні құқық қорғау органдары куәгерлерді және автобус пен Toyota camry көлігінің жүргізушілерін сұрастырып жатыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде