Жанжал: Атышулы Мелдешов бір айдан соң қызметіне қайта оралды
«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының басшысына қарамағындағылар қарсы шығып, жұмыстан уақытша шеттетілген болатын.
Автор: Жәудір Оразхан
20.06.2017
Тіпті Білім және ғылым министрлігі Мелдешов дауына қатысты комиссия құрып, тексеру жүргізген. Бірақ арызда жазылғандай директордың туыстары мен жақындарын жұмысқа қабылдағаны және қызметкерлерге қоқан-лоқы көрсеткені дәлелденбепті. Сондықтан, министрлік Мелдешовты қайта басшылық орында қалдырған. Тек қызметтік этиканы бұзғаны үшін қатаң сөгіс жариялапты. Ал интернетке тарап кеткен видеоға қатысты Мелдешовтынң өзі: «жиын кезінде «қой» деп «Болашақтың» стипендиаттарын емес, ақшаға құныққан шетелдік университеттерді» айттым деп ақталды. Сондай-ақ, комиссия осы дау аясында жұмыстан шығып қалған мамандарды да қайтару туралы шешім қабылдапты. Ал Мелдешов өзіне қарсы шыққан онға жуық қызметкерге еш ренжімейді екен.
Жанболат Мелдешов, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының директоры:
-Жұмысқа дүйсенбіден бастап кірістім. Біріншіден, ешкімге дөрекілік көрсеткен емеспін. Ондай болған жоқ. Сондықтан бұдан кейін де дөрекілік көрсетпеймін деген дұрыс емес әңгіме.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!