{metadescription}
Ескерту: Сағынтаев ауруханалардың біріктірілуін науқанға айналдырмауды талап етті
Ескерту: Сағынтаев ауруханалардың біріктірілуін науқанға айналдырмауды талап етті

Ескерту: Сағынтаев ауруханалардың біріктірілуін науқанға айналдырмауды талап етті

Отандық медицина саласында кезекті ауқымды реформа басталғалы жатыр. Денсаулық сақтау министрі бір ауру бойынша ғана маманданған ауруханалардың көзін жойып, бәрін бүтін бір ортақ мекемеге  біріктірмек.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық Сақтау министрі:

-Мысалы облыс деңгейінде көп профильді аурухана бар.  Соған перзентхана,  онкология, жұқпалы ауруларды барлығын қосып, бір аурухана ретінде  дамытуымыз керек. Біздің ойымызша бұндай норматив келешекте медициналық көмектің сапасын көтереді.

Қазіргі таңда елімізде 7 мыңнан астам аурухана бар. Олардың 50 пайызының тозығы жетсе, 35 пайызы шамасынан асырып, адам емдеп отыр. Министр Біртанов болашақта салынатын ауруханаларды көп салалы қып, қазіргі емханаларды жеделдетіп біріктіруді ұсынды. Бірігу министрдің сөзінше әжептәуір ақша да үнемдемек. Мәселен ауруханалардың жылдық әкімшілік шығындарына қазынадан 11 млрд теңге жұмсалады. Алайда, үкімет басшысы үнем қуып халықты қаңғыртып қоймайық деп ескертті. 

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-Қаланың екі басындағы емхананы біріктіріп, халықты қала кездіріп қоймайық көп салалы аурухана іздетіп. Бұйрық түсіп асығыс біріктіру басталғанда дәл солай болады. Адамдардың шарқ ұрып қала кезбеуін қадағалау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде