{metadescription}
Оқыс оқиға: Шымкентте жер астында тірідей көміліп қалған жұмысшылар ажалдан аман қалды
Оқыс оқиға: Шымкентте жер астында тірідей көміліп қалған жұмысшылар ажалдан аман қалды

Оқыс оқиға: Шымкентте жер астында тірідей көміліп қалған жұмысшылар ажалдан аман қалды

Шымкентте жол жөндеу кезінде бір топ жұмысшы жер астында тірідей көміліп қалды. Оқыс оқиға кәріз құбырларын төсеу кезінде болған.

Жұмысшылар құбыр төсеу үшін 4-5 метр тереңдікте жұмыс істеп жатқан кезде траншея маңынан жүк көлігі өткен екен. "Камаздың" салмағына шыдас бермеген біраз топырақ жұмыс жасап жатқан топтың үстін жауып қалыпты. Үйіндінің астында қалып қойған 4 адамды аршып алуға келген құтқарушылар да зардап шекті. Қазып жатқанда 35 жастағы құтқару қызметінің өкілі шұңқырға құлаған. Жалпы топырақ астындағы бесеуді шығару үшін мамандар 5 сағат уақыт жұмсады. Жұмысшылар жеңіл жарақатпен құтылса, құтқарушының жағдайы ауыр деп отыр дәрігерлер.

Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Науқастың бел омыртқасы тұсының жабық жарақаты, бел омыртқасының өсіндінің 1-ші және 4-ші аралықтағы омыртқа өсіндісінің сынуы диагнозымен жарақат бөлімшесіне жатқызылды.      

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.