{metadescription}
Елімізде электр тапшылығын жоюдың тың жолдары пайда болды
Елімізде электр тапшылығын жоюдың тың жолдары пайда болды

Елімізде электр тапшылығын жоюдың тың жолдары пайда болды

Енді арқа төсіндегі дамылсыз жел тоқтан тарығып отырған елді мекендерді  қуат көзімен қамтамасыз етпек. Яғни, мұнда тағыда жел электр станциялары салынғалы жатыр. Ал, табиғи қуат көзін өндіруге шетелдік инвесторлар көмектеспекші. Бүгін Астанада өткен «Жаңа мүмкіндіктерге қарай» атты конференцияда тиісті келісімдерге қол қойылды.

Энергетика, мұнай-газ және транспорттық машина жасау салаларының даму бағыты мен маңызды технологиялар жиында қызу талқыланды. Әрі осы салада елімізге келетін инвестиция мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, Арқа төсінде жел электр станцияларын салуға шетелдік инвесторлар құлшынып отыр. Бүгін олар өз жоспарларымен «Жаңа мүмкіндіктерге қарай» атты конференцияда бөлісті.

Лоренцо Симонелли, «General electric» компаниясының президенті:

-Қазақстан табиғи ресурстарға өте бай ел.Біз энергетика саласының барлық бағытында жұмыс істейтін компания ретінде осында жел станциясын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл Қазақ елінде баламалы қуат көзінің дамуына үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

Станцияның Аршалы ауданының маңынан тұрғызылу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бүгінгі таңда, инвесторлар зерттеу жүргізіп, тиімді жерді табамыз деп отыр. Жалпы, дамылсыз желдің арқасында тынымсыз жұмыс істейтін станциялар 100 мегаватт табиғи қуат көзін өндірмек. Ол тоқтан тарылып отырған ауыл аймақтарға берілмекші.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Энергетика саласындағы әлемнің екі алпауыт компаниясы біздің нарыққа кіретін болады. Олар жел электр станциясына қажетті құрылғыларды өздері шығарады. Осы баламалы энергетиканы дамыту біз үшін өте маңызды.Өйткені біздегі жел жылына 920 миллиард киловатт өндіруге қауқарлы.

Ал, сол құр далаға соққан желді пайдаға жарату үшін 25 миллиард теңге инвеститция тартылмақ.Тиісті келісімге жиын соңында қол қойылды. Айта кетерлігі америкалық компаниялар жел станцияларын салып қана қоймай, елімізбен бірігіп пойыз да құрастырмақшы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.