{metadescription}
Петропавлда «қалыңдықтың қапалы үйі» деп аталып кеткен  тарихи ескерткіштің басынан дау арылмай тұр
Петропавлда «қалыңдықтың қапалы үйі» деп аталып кеткен  тарихи ескерткіштің басынан дау арылмай тұр

Петропавлда «қалыңдықтың қапалы үйі» деп аталып кеткен тарихи ескерткіштің басынан дау арылмай тұр

Былтыр ғана 63 миллион теңгеге жөнделген ғимараттың шатырынан су ағып, едені шіри бастаған. Ал үйдің ресми иесі болып саналатын Қызылжар мешіті тек шығын ғана әкелетін бұл ескерткіштен құтыла алмай әлек.

19 ғасырдың соңында салынған бұл ғимарат туралы аңызды Петропавлда білмейтін жан жоқ. Мәскеудегі байдың сұлу қызына ғашық болған көпеске, тәкаппар қыз «тек әкемнің үйіндей ғана баспанада тұрамын» деп шарт қойған екен. Бірақ, шетелден құрылысшылар алдырып салынған үйге сол күйі келін түспеген. Сондықтан бұл ғимарат елге «қалыңдықтың қапалы үйі» деген атпен белгілі.   

Қызылжар мешіті наиб имамының жертөледегі бөлмеге  бұлайша шүйлігуі негіссіз емес. Республикалық мәдени ескерткіштер тізіміне енген ғимарат солардың балансында. Мәдениет министрлігі 63 миллион теңге бөліп, былтыр күрделі жөндеу жүргізіліпті. Реставрация жасауға лицензиясы бар мердігер Оралдан табылғанымен, батыстан жеткендердің былығы әлі бітер емес.

Рамазан Қанжігітов, Қызылжар мешітінің найб имамы:

-Су кетіп жатыр. Қалай болса солай істелінген. Линолеумның астының бәрі қоқыс. Сонан кейін жай ағашты табалдырыққа қаға саған. Кейбір әйнектері сол күйі ашылмайды.

Бұған қарамастан былтыр Мәдениет министрлігінен жеткен арнайы комиссия «мердігердің жұмысында мін жоқ» деп, барлық құжаттарға қол қойыпты. Енді сол қателік жергілікті мәдениет басқармасының бас ауруына айналған. 

Рахат Мәмбеталинов, СҚО мәдениет басқармасының бөлім басшысы:

-Мердігер компанияға да, Мәдениет министрлігіне де талай хат жадзық. Биыл көктемде құрылысшылар шатырды қайта жапты, ғимараттың сыртын сылады, қоршау салды. Әлі де олқылықтар жетерлік. Соған байланысты тағы да хат дайындап жатырмыз.

Бұл ғимаратта бұрын мешіт жанынанан ашылған медресе жайғасқан еді. Бірақ жөндеу жұмыстарынан соң шенділер бұл жерден оқу орнын ашуға, жатақахана етіп жарақтауға және жалға беруге тыйым салып кеткен. Енді айына 200 мың теңге шығын әкелетін ғимарат қалалық мешіттің проблемасына айналған. Қазірдің өзінде имамдар былтырғы жылу үшін энергетиктерге  600 мың теңге қарызбыз деп зар жылап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде