{metadescription}
 Амнистия аяқталды: Енді сотталушыларға  бостандықтан үмітін үзуіне тура келеді
 Амнистия аяқталды: Енді сотталушыларға  бостандықтан үмітін үзуіне тура келеді

Амнистия аяқталды: Енді сотталушыларға бостандықтан үмітін үзуіне тура келеді

Өйткені, тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған рақымшылық бүгіннен бастап тоқтатылды.

Тура 6 айға жалғасқан науқан кезінде мың 200 сотталушы босап шыққан. Екі мыңнан астам жазасын өтеушінің уақыты қысқартылды. Тағы шартты  мерзімге сотталған 7 мыңға жуық адам ақталған. Бірақ аса қауіпті қылмыскерлер: террорист, экстремистер мен педофилдер бұндай мемлекеттің шарапатынан құр қалғанын айта кетейік. Ал рақымшылыққа іліккендердің арасында "Экспо ісі" бойынша абақтыға қамалған атышулы Қажымұрат Үсенов бар. Миллиондап ауызбастырық алған бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміраевқа да кешірім жасалды. Тар қапастан босап немесе жазасы қысқартылған лазауазымды шенеуніктердің саны ондап саналады. Айта кету керек, бұл елімізде жасалған 9-шы рақымшылық. Ал түрмеден шыққандардың шығынын мемлекет өз мойнына алған.

Аглая Тұрланова, ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі  комитетінің баспасөз хатшысы:

-Материалдық әлеуметтік құқықтық көмек көрсетіледі. Яғни, киім-кешек, жол жүру ақысын төлейді. Медициналық көмек көрсету. Тағы да өзге көмектермен жабдықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде