Оралда лаңкестік шабуыл жасауды көздеген 8 адам сотталды
Жанғала ауылының тұрғындары Ақтөбедегі терактіден кейін жергілікті полиция бөлімшесін жарып жібермек болған. Алайда оларды Ұлттық қауіпсіздік комитеті дер кезінде құрықтапты. Тергеу мәліметтеріне сай, қылмыскерлер қару-жарақ алып, қолдан жарылғыш зат жасаған. Тіпті ауыл ішінде «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының туын желбіретіпті. Лаңкестік топтың жетекшісі 15 жылға сотталса, қалғандары 6-дан 11 жылға дейін жаза арқалады. Алайда, адвокаттары істің қайта қаралуын талап етіп отыр. Өйткені, ешқайсының кінәсі толық дәлелденген жоқ деген пікірде.
Автор: Диас Нұрақын
21.06.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
01 ақпан
31 қаңтар
Серіктестер жаңалықтары