{metadescription}
Жеңімпаз: КТК операторы байқауда топ жарды
Жеңімпаз: КТК операторы байқауда топ жарды

Жеңімпаз: КТК операторы байқауда топ жарды

Еліміздің ең мықты телеоператоры КТК-да жұмыс істейді! Астана бюросының таспагері Владислав Воднев Мәжілістің «Парламент сөзі» байқауында топ жарды. Мұндай айтулы марапат журналистер күні қарсаңында беріліп отыр. Әріптемізден бөлек жүлдеге бірқатар ақпарат құралдарының өкілі де ие болды.

Әдетте депутаттар заң жобасын қызу талқылайтын зал бүгін журналистер мен операторларға толы. Олардың барлығы осы Мәжілістен хабар таратып, заң шығару қызметі жайында қалам тербеп жүргендер. Сондықтан тілшілердің еңбеген елеген халық қалаулылары кәсіби мерекесі қарсаңында байқау жариялаған болатын. Сөйтіп,оқ бойы оза шыққандарды арнайы жүлдемен  марапаттады.

-Лауреатом стал оператор телеканала КТК Владислав Воднев.

«Парламент сөзі» премиясын алғандардың арасында «КТК» арнасының Астанадағы таспагері Владислав Воднев бар. Ол төменгі палатада көтерілетін маңызды мәлімдемелер мен жылт еткен қызықты сәттерді таспасына жазып алады.   

Владислав Воднев, телеоператор:

-Телевизия саласында 10 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Осы уақыт ішінде Мәжілістің жұмысын көрсетуге ат салысып келемін.Еңбегімді елегендеріне рахмет. Бұл арнамыздың ортақ жеңісі.

Жалпы журналистер арасындағы сайыс 6 номинация бойынша өтті.  Ол үздік телевизиялық, басылымдық, интернет және радио мен фото-видео материал. Ал, жеңімпаздарды анықтау халық қалаулылары үшін қиынға соққан екен. Өйткені, бірінен-бірі озатын 80-ге жуық материал түскен. Бірақ, Нығматулин лайықтыларды таңдадық деп отыр.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

-Журналистің міндеті толық ашық ақпарат беру халыққа.  Депутаттардың қалай жұмыс істеп жатқанын көрсету.  Сондықтан бүгінгі жеңімпаздардың арасында сыни материал жазғандар  да бар.  Оны әрқашана дұрыс қабылдаймыз.

Айта кетейік, «Парламент сөзі» сыйлығы биыл алғашқы рет тапсырылып отыр. Оны «КТК» таспагерінен бөлек, тағы 13 ақпарат құралдарының өкілі жеңіп алды. Қалған тілшілер де сыйлықтан құр қалған жоқ. Енді Мәжіліс осындай байқауды журналистер күні қарсаңына дәстүрлі түрде өткізіп тұрмақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде