{metadescription}
Маңғыстау облысында алып акулалардың жүзден аса тісі табылды
Маңғыстау облысында алып акулалардың жүзден аса тісі табылды

Маңғыстау облысында алып акулалардың жүзден аса тісі табылды

Тарихи жәдігерді «Киелі Қазақстан» экспедициясының өлкетанушылары анықтап отыр. Айтуларынша, қазір адамдар тұрып жатқан жерде бұрын мұхит болған. Еліміздің жалпақ жұртқа белгісіз осындай тұстарын зерттеуге шыққан өлкетанушылар тобы Астанадан Маңғыстауға жеткенше 3 жарым мың шақырымнан астам жолды жүріп өтті. Олардың мақсаты, демалысты шетелде емес, ел ішінде өткізу қызықты әрі рухани тұрғыдан пайдалы екеніне көз жеткізу.

Каспий - туристерді Маңғыстау облысына тартатын негізгі орындардың бірі болуы тиіс дейді археологтар. Өйткені, бағзы замандарда оның орнында басқа елдермен байланыс орнатқан құрлық жолы болыпты. Ал Шетпе ауылының маңы бір кездері мұхиттың тұңғиық түбі болған. Бұл жерден акулалар тісінің табылуы да бекер емес.

Виталий Шуптар, тарихи-географиялық қоғамының жетекшісі:

-Бұл жай ғана болжам емес, нақты дерек. Мұндай айғақтарды бүкіл Маңғыстаудан да, тіпті Арал теңізінен де табуға болады. Сондықтан, бұл тек жай туристер үшін ғана емес, тарихшылар үшін де қызықты дүние.

 «Киелі Қазақстан» экспедициясының өкілдеріне Астанадан Маңғыстау облысына, одан әрі Маңғыстау түбегіне жету оңайға соқпапты. Аптап ыстықта техникалар сыр беріп, картаға түспеген жерде жол табу да саяхатшыларды біраз әуреге салған.

Қанат Сағынаев, экипаж капитаны:

-Негізі біз осындай жағдайға дайын болдық. Көліктерімізді тұрақты тазалап отырамыз, бұл қалыпты жағдай. Қазірдің өзінде екі аккумуляторымыз істен шықты. Үшіншісін салып қойдық. Мұның бәрі ауа температурасынан шығар деген жорамалымыз бар. Ыстықа шыдамайды ғой.

Экспедицияның мақсаты – өңірлердегі киелі жерлерді аралап, оларды туристер жиі қолданатын карталарға енгізу. «Қасиетті Қазақстан» ұжымы қазірдің өзінде «Шақпақ Ата», «Сұлтан Апа» жерасты мешіттерінде болып үлгерген. Олардың ендігі бағыты «Бекет Ата» мешітінде түнеу.

Виталий Шуптар, тарихи-географиялық қоғамының жетекшісі:

-Бұл тарихи ескерткіштердің барлығы ешкімге таңсық емес. Жұрт бәрін де біледі. Тек оларға осы жерлерді аралап жүргеннің орнына шетелде қыдырған жақсы. Біздің мақсатымыз – өз азаматтарымызды осында тартып, қыдырып қана қоймай, рухани дүниесін байытуға шақырамыз.

Еліміз бойынша киелі орындар ең көп шоғырланған 362 әулие жатқан жер – Маңғыстау облысы. Саяхатшылар үшін 15 күнде соның барлығын аралап шығу мүмкін емес. Алайда, аңыз боп айтылатын суға батқан кемелер мен 19 ғасырдағы бекіністерді көріп қайтуға бекініп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде