{metadescription}
 Алматыда қоршаулар қиратылып жатыр
 Алматыда қоршаулар қиратылып жатыр

Алматыда қоршаулар қиратылып жатыр

Қоршаумен күрес! Алматыда мемлекеттік мекемелерден бастап, тұрғын үйлердің шарбақтарына дейін сүріліп жатыр. Темір мен бетон қоршаулар қала көркін кетіреді деп шешіпті әкімдік. Әрі олардың құрылыс ережесіне сай келмейтіні де жергілікті биліктің енді түсіпті. Бұдан былай мемлекеттік нысан, оқу орны, саябақ пен тұрғын үйлер болсын, тек жасыл-желекпен қоршауға рұқсат. Оның өзі 70 сантиметрден аспауы керек.

Мына тұрғын үйдің ауласындағы қоршауды коммуналшылар кеше кесіп кеткен. Шенділер тіпті, оның көп ұзамай түбегейлі сүрілетінін ескертіпті. Тек өз күшімен орнатқан шарбақты алуға тұрғындар қарсы.

Марина Дауылбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Қазір алып тастаса машиналар қаптайды. Бәрін басып тастайды.

Қала бойынша қазір дуалдармен күрес қарқынды жүріп жатыр. Талайдан бері тұрған қоршаулар аяқасты құрылыс ережесіне сай келмей қалған. Әрі олар қаланың көркін қашырады дейді шенділер.

Алмас Жаңбыршы, Алмалы ауданы бойынша сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы:

-Жеке нысан иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қоршауды алу керек. Өйткені, ешқайсысының аулаға дуал орнатуға рұқсаты жоқ. Мұның өзі тұрғындарға жағдай жасау үшін қолға алынған.

«Қоршаусыз қала» бағдарламасы да дат сәулетшісі Ян Гейлдің бастамасы. Ол бойынша 700-ден астам темір және бетон дуал сүрілмек. Идеяны жоғарғы оқу орындары бірінші болып қалдапты. Өнер академиясы мұны тіпті былтыр бастап кеткен.

-Бұған дейін оқу орнының аумағы жағалай биік дуалмен қоршалған болатын. Ал, қазір көріп тұрғандарыңыздай, бұл жер ашық алаңға айналған. Қоршаудың бір бөлігі өткен жылы, ал қалғаны 3 апта бұрын сүріліпті. Енді, мұнда кез-келген адам келіп, қалағанынша демала алады.

Бірақ, қауіп те жоқ емес. Ашық жерге ұры мен бұзақының кіруі оңайлай түскен. Әрі қоғамдық орындар қаңғыбастардың тұрағына айналуы мүмкін. Ал, қоршауын алып тастаған мекемелер қауіпсіздікті техникаға артып отыр.

Естай Күлдібаев, Қазақ ұлттық өнер академиясының проректоры:

-Камералар бар, сонымен қатар әрбір оқу орнында арнайы күзеттің органдары жұмыс істейді. Солардың қырағылығымен ешқандай  қауіп төндіреді деп ойламаймын.

Биік темір қоршау тек режимдік нысандарда қалады. Қалған ғимараттарды жасыл желекпен қоршауға ғана рұқсат. Оның өзі 70 сантиметрден аспауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде