{metadescription}
Жанжал: Көкшетауда мемлекеттің 1 миллиард 114 миллион теңгесіне салынған өрт сөндіру бекеті қаңырап тұр
Жанжал: Көкшетауда мемлекеттің 1 миллиард 114 миллион теңгесіне салынған өрт сөндіру бекеті қаңырап тұр

Жанжал: Көкшетауда мемлекеттің 1 миллиард 114 миллион теңгесіне салынған өрт сөндіру бекеті қаңырап тұр

Нысанды былтыр қыркүйек айында шенеуніктер лентасын қиып, ресми түрде тапсырған болатын. Басында арнайы өрт сөндіру бөлімшесі жасақталып,толыққанды жұмыс істеп тұрған кейіп те танытқан. Сөйтсе, бұның барлығы көзбояушылық болып шықты.

Көгілдір лента қиылып, мердігер символикалық кілтті Ішкі істер вице-министріне тапсырған мына салтанатты сәт қыркүйек айында болған. Юрий Ильин де құрылысқа таңдай қағып, жоғары бағасын беріп еді.

Ильиннің тілегі осы қабыл болып, арнайы алынған 5 көліктің шлангалары 9 айдан бері құп-құрғақ күйінде қаңтарылып тұр. Адам аяғы тимегесін ауланы шөп басып кеткен. Сүйтсе, ашылу рәсімі өтісімен тапсырыс беруші ғимаратты қабылдамай тастаған екен.

Нұрлан Тасов, «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары» ММ  бастығы:

-Бізді нысанға мердігер кіргізбей қойды. Ол 2014 жылы жобаға өзгеріс енгізілгенге дейінгі алған ақшаны қайтаруға тиіс. Біз жәй тұсау кесер жасадық. Қазір сотқа бердік. Нысанға ешқандай ескертуіміз жоқ.

Ал мердігердің өз уәжі бар. Нысанды қабылдамау үшін есептегіштің пломбысы,тіпті, кейбір әйнектерді ауыстыру керек деп ұсақ-түйекпен басымызды қатырды дейді.

Қадыр Сегізбаев, мердігер:

-Менде барлық сараптама бар. Ашылу салтанатында нысан стандартқа сай салынған деп мақтады. Маған мынадай 4 қабатты ғимаратты толық ұстап тұру оңай емес. Ал қарыз дегендері өтірік. Маған әлі 170 миллион теңге төлеген жоқ. Мәселе басқада.Жобалау құжаты мен сметалары сәйкес емес. Мен жобаға сай салдым.

Мәселен мына өрт сөндіру қызметіне қажетті оқу жаттығу мұнарасы жобалау құжатында көрсетілген де, сметада жоқ. Дәл осындай олқылықтар басқа нысандарда да кездеседі. Сондықтан да екі жақтың өзара келіспеушілігі осы жағдайлардан туындап отыр.

Төлем айырмашылығы да осыдан болған дейді мердігер. Ал жобалау сметалық құжатын жасаған тапсырыс беруші өрт сөндіру қызметі. Егер осы кемшіліктер болмағанда мына стратегиялық нысанда қазір жаңадан өрт сөндіру бөлімшесі ашып,140 жаңа жұмыс орны ашылар еді. Енді сот бұл даудың нүктесін қашан қояры белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде