{metadescription}
Болжам: Құлдыраған мұнай бағасы Қазақстанның экономикасына қалай әсер етеді?
Болжам: Құлдыраған мұнай бағасы Қазақстанның экономикасына қалай әсер етеді?

Болжам: Құлдыраған мұнай бағасы Қазақстанның экономикасына қалай әсер етеді?

Мұнай құны соңғы 8 айдағы антирекордты жаңартты. Қара алтынның бір баррелі бүгін 45 доллардан сатылып жатыр. Биржадағы баға осылайша бір күнде 2 жарым пайызға арзандап, экономикасы қара алтынға тәуелді бірқатар елдердің валютана кері әсер етті. Қаржы нарығындағы бұл өзгеріс, онсыз да біраздан бері тоқтаусыз төмендеп жатқан теңгені де айналып өткен жоқ. Айырбас орындарында қазір доллар 328 теңге 70 тиыннан сатылуда. Ал тіс қаққан сарапшылар бұл әлі өзгерістің басы ғана деп отыр.  

-Қазақтар әлемдік нарықта қара алтынның құны артса қуанып,төмендегенде төл теңгенің құнсызданатынымен жақсы таныс. Ал ол кешелі бері қуантып жатқан жоқ. Биржадағы саудада мұнайдың бағасы бір күнде 2 жарым пайызға арзандап, соңғы 8 айдағы антирекордты жаңартты. Яғни, баррелі 45 доллардан төмен түскен.

Мамандардың айтуынша, бұның бірнеше себебі бар. Мәселен мамыр-маусым айларында ОПЕК-ке мүше Ливия, Нигерия, Венесуэла мен Бразилияда мұнай өндірісі көбейе түскен. Ал бұл ұсыныстың сұраныстан артуына алып келді.

Валерий Полховский, сарапшы: (Беларусь)

-АҚШ пен Ливияда бұрғыланып жатқан мұнай көлемі нарықтағы сұраныстың артуына кедергісін тигізіп жатыр. Сондықтан бұл өзгерістердің кері екендігін көріп отырмыз. Жақын арада бұл жағдай сақталады, дегенмен өндірушілер есін жиған соң мұнай құны өсуі тиіс.

Мұнайдың арзандауы доллардың қымбаттауына, ол өз кезегінде теңгенің құнсыздануына алып келеді. Кешеден бері айырбастау орындарында 1 доллар 328 теңге 70 тиыннан сатылуда. Сарапшылар валютаның әлсіреуі тек Қазақстанда ғана емес, экономикасы ұқсас елдерде де байқалды деп отыр.

Айжан Мұқышбаева, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

Экспорты мұнайға тәуелді елдерде әсер ететін болады. Соның ішінде Қазақстан, яғни, бұл  ұлттық валютаның әлсіреуіне алып келуі мүмкін. Бірақ бұндай құбылыс тек Қазақстанда емес. Ұлттық валютаның әлсіреуі экономикасының құрылымы Қазақстан сияқты Канадада, Ресейде, Норвегияда ұлттық валютаның әлсіреуі байқалуда. 

Қазіргі таңда Қазақстан, бюджетінің 45 пайызын осы мұнайдан түскен табыспен жауып отыр. Сондықтан, біз ғана емес, экономикасы мұнайға тәуелді басқа елдер де бағаның одан бетер төмендеуіне жол бермеуі тиіс. 

Валерий Полховский, сарапшы: (Беларусь)

- Бір баррель мұнайдың бағасы 40 доллардан төмен түскені ешкімге тиімді емес. Бұл жағдай бастан өтті, ешкімге оның пайдасы тимегені анық. Арзан мұнай инвестицияның түсу көлемін азайтады, салдарынан бұл сала ақсаңдай бастайды.

Отандық экономистердің бір тобы жақын арада доллар бағасы 350 теңгеге дейін артады деген ойда. Себебі мұнайдан түсетін пайда үлесі азаяды, ал ел экономикасы негізінен дайын тауар емес, шикізатты экспорттауға тәуелді екені белгілі.

Дегенмен, экономикалық сарапшылар ұзақ мерзімді болжам жасаудан бас тартып отыр. Тек алдағы 10 күнде АҚШ долларының құны 327-329 теңге көлемінде болады деген ойда. Олар сондай-ақ нарықтағы жағдайды девальвация деп атауға келмейді дейді. Себебі. Өткен жылы ғана 1 доллар 380 теңгеден сатылғаны есімізде. Сондықтан соңғы аптадағы өзгеріс тек валюталық түзету көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.