{metadescription}
Жантүршігерлік оқиға: Ақтөбе облысында болған жол апатына байланысты Ішкі Істер министрлігі мәлімдеме жасады
Жантүршігерлік оқиға: Ақтөбе облысында болған жол апатына байланысты Ішкі Істер министрлігі мәлімдеме жасады

Жантүршігерлік оқиға: Ақтөбе облысында болған жол апатына байланысты Ішкі Істер министрлігі мәлімдеме жасады

Ақтөбе облысында Ресейге бет алған жолаушылар автобусы аударылып, 9 адам қаза тапты. Тағы 18 жолаушы Әйтеке би ауданындағы ауруханада жатыр. Барлығы Ресейден қайтып келе жатқан Өзбекстан азаматтары.

Бұл апат Самара-Шымкент халықаралық тас жолының 945 шақырымында, Әйтеке би ауданына қарасты Қарабұтақ ауылы маңында болды. Ауылдан 20 шақырым жерде. Ресейдің Волгаград облысынан шыққан Мерседес маркалы 2 қабатты автобус, Өзбекстанға қарай бет алған екен. Белгілі болғандай ішінде 52 жолаушы болған. Олардың тек -2уі ғана Қазақстан азаматы, қалғаны Өзбекстанның тұрғындары. Автобус аударылғанда 9-ы сол жерде көз жұмды.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ ресми өкілі:

-Қазіргі уақытта 9 адамның қаза тапқаны және 18 адамның жарақаттанғаны белгілі болды. Аса ауыр жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау үшін Ішкі істер министрлігінен облысқа арнайы жұмыс тобы аттандырылды. Ол топтты Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы басқарады.

Ауыр жарақат алғандар  аудандық ауруханада ем алып жатыр. Ал, 25 адамға оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі таңда аудан және облыс көлемінде шұғыл желі жұмыс істеуде. Әзірге автобустың апатқа ұшырауына нақты себеп болғаны белгісіз. Оны Астанадан арнайы келген Ішкі істер министрлігінің мамандары анықтайтын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде