Қыркүйек айында шетелдің қалталы инвесторлары елімізге ағылмақ
Өйткені, «Самұрық-Қазына» Халықаралық тәуелсіз қорлардың форумын өткізбекші. Құрамына 30-дан астам алпауыт қор кіретін ұйым екі күн бойы Астанада экономиканы талқылап қана қоймай, елімізге инвеститция тарту мәселесін де қозғамақшы.
Автор: Досжан Маратұлы
23.06.2017
Қазақстан Халықаралық тәуелсіз қорларының форумын өткізетін Орталық Азиядағы алғашқы ел болмақ. Оған әлемнің ондаған алпауыт әл-ауқат қоры, яғни инвесторлар қатыспақ.Мұндай маңызды шараның елімізде өтуі бекер емес. Өйткені, «Самұрық-Қазына» осы форумның белді мүшесі. Әрі әлем бойынша активтер құны жағынан ең ірі 30 қордың қатарына кіреді.
Балжит Гревал, «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтер қоржынын басқару жөніндегі басқарушы директоры:
-Басты мақсат – шетелдің «Самұрық Қазына» секілді қорларына Қазақстан жайлы айту.Инвеститциялық мүкіндіктерімен таныстыру. Әрі еліміздегі ауқымды жобалар жайлы айтып, инвесторларды қызықтырғымыз келіп отыр. Бұл еліміздің экономикасына жаңа қарқын беруі тиіс.
Тәуелсіз қорлардың қатарына «Самұрық-Қазына» үш жыл бұрын қосылған. Еліміздің әл-ауқат қоры халықаралық ұйымның талаптарына сай. Ең бастысы қаржылық құжаттары жағынан ашық.
Ғани Битенов, «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры:
-Біздің компанияның ашықтығына сын айтушылар бар. Бірақ, бұл шындыққа жанаспайды. Өйткені, биыл Халықаралық қор институты, тәуелсіз қорлардың ашықтығына қарай рейтинг жасаған болатын. Сонда «Самұрық Қазына» жоғарғы10 балдың 10-ын алды.
Жалпы Халықаралық тәуелсіз қорлардың құрамында «Самұрық-Қазына» секілді 32 алпауыт компания бар. Барлығының активін қосқанда 3 жарым триллион доллардан асады. Енді қыркүйектің 5-7 аралығында сол тәуелсіз қорлардың барлығы Астанада ауқымды жиын өткізбек. «Нарықтың жаңа мүмкіндіктерін зерттеу» деп аталатын форумда қатысушылар тәжірибе алмасып, ұйымдастырушылар инвесторларды қызықтырмақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!