{metadescription}
 Еуразиялық медиафорум: Әлемдегі ушыққан геосаясат  пен ақпараттық соғыстың өршуіне кім кінәлі?
 Еуразиялық медиафорум: Әлемдегі ушыққан геосаясат  пен ақпараттық соғыстың өршуіне кім кінәлі?

Еуразиялық медиафорум: Әлемдегі ушыққан геосаясат пен ақпараттық соғыстың өршуіне кім кінәлі?

Астанада дәстүрлі Еуразиялық медиафорум жұмысын бастады. Жаһанның ақпарат кеңістігі мен геосаясаттың өзекті проблемаларын талқылайтын диалогқа биыл да масс-медианың алыптарымен бірге, әлемнің сақа саясаткерлері, бизнес элита келіп отыр. Олардың арасында Түркияның 11-ші президенті, Еуразиялық одақ комиссиясының экс-төрағасы, жалпы 60 елден келген 400 делегат бар. Халықаралық жағдайдың жай-күйін іштен білетін олар, форумның алғашқы күнінен-ақ қызу пікірталасқа кірісіп кетті.

Әлемдегі қазіргі аумалы-төкпелі жағдайға байланысты 14-ші медиафорумның күнтәртібі де салмақты, жұмысы да қауырт болмақ. Ыңғайлы сәтті пайдаланып, делегаттардың бірі форумның тұрақты төрайымы Дариға Назарбаевамен қал сұрасса, бірі пікір алмасуға алаң тапқанына алғыс айтып жатыр.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:

-Күні кеше әлем жаһандануға ұмтылса, енді үрейленіп отырған жайы бар. Процесс радикализм, ұлтшылдық, интеграцияға түбегейлі қарсылыққа тап болды. Лаңкестік, таяу шығыстағы азаматтық соғыс, отанынан безген босқындар еуропалық одақтың мойнына жүк салып отыр.

Осыдан кейін басталған алғашқы сессия сарапшыларының сөздері де, өздері де салмақты. Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл, Еурокомиссияның экс-төрағасы Жозе Мануель Баррозу Таяу Шығысты шарпыған соғысты сөз етті. Қызу пікірталас кезінде Баррозу, бұл мәселенің алдағы онжылдықта оң шешілетініне сенбейтінін ашық айтты. Саясаткер мұсылмандардың сүннит-шиит боп қырқысуы да тым ұзаққа кетті дейді. Ал тыныштық орнауы үшін басшылардың саяси еркі мен осындай бейтарап алаңдарда мәмілеге келуі маңызды.

Гилад Шер, Израиль премьер-министрі әкімшілігінің экс-басшысы:

-Жаһандық проблемаларды шешуде осындай форумдардың маңызы зор. Әрине, мәселе күрделі екені сөзсіз. Оның тез шешілуіне мүдделі емес топтар бар. Бірақ біздің алдымызда, қоғам алдында ашық қауіп-қатерлер тұр. 

Сауд Арабиясының АҚШ-тан 110 млрд долларға қару алғаны да қызу пікірталасқа себеп болды. Сарапшылар бұл мәселеде бір ауыздан Саудия билігінің шешімін сынаса, форумға спикерлік еткен британдық журналист Ник Гоусинг халықаралық жағдайдың ушығуына ақпарат құралдарының да май құйып отырғанын айтты.

Ник Гоуинг, тележүргізуші: (Ұлыбритания)

-Журналистің міндеті – жаңалықтың шындық не емес екендігін тани білуі. Бұл АҚШ президентінің әкімішілігіне де өте қажет қасиет. Фейк ақпарат пен шындықтың аражігін ажырату бүгінгі әлемнің үлкен міндеті.

Бір сөзбен әлемнің міндеттері көп. Бір сағатқа жуық айтысқан саясаткерлер де алғашқы жиыннан, жауаптан көп сұрақ түйіп шықты.

Айта кетейік, биыл форум өткен жылы жарнамаланғандай ЭКСПО көрмесінің қалашығында өтіп жатыр. Ол үшін жиын дәстүрден аттап, сәуірде емес, маусымды күтіп, көрмені тамашалай кетуді тәуір көріпті. Болашақта саясат қандай болмақ, оның ішінде ақпараттық саясат қалай қалыптасуы тиіс?! Бұл сарапшылардың ертең де бас қатыратын басты тақырыбы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.