{metadescription}
Жанжал: Жоғарғы сот Жамалиевтің рақымшылыққа ілікпейтінін мәлімдеді
Жанжал: Жоғарғы сот Жамалиевтің рақымшылыққа ілікпейтінін мәлімдеді

Жанжал: Жоғарғы сот Жамалиевтің рақымшылыққа ілікпейтінін мәлімдеді

Айтуларынша, атышулы бизнесменнің ісіне қатысты сараптама қайта жасалған екен. Жоғарғы сот Жамалиевтың жазасы неліктен жеңілдетілгенін түсіндірді

Сол бойынша, Жамалиев бопсалаған ақша мен көліктердің құны азайып шыға келіпті. Сөйтіп, бизнесменге тағылған «аса ірі көлемде бопсалау» бабы өзгертілген. Мұндай мүмкіндікті құр жібермеген Қайрат Жамалиев бірден жазасын жеңілдету туралы өтініш жазған екен. Судья да келісе қойып, 13 жылды 7 жылға қысқартқан. Оның екі жылын қатаң тәртіптегі колонияда өткізген бизнесмен енді қалған 5 жылын жалпы тәртіптегі қапаста өткізеді. Айта кетейік, Қайрат Жамалиев екі жыл бұрын 13 жылға сотталған еді. Дауға себеп болған астаналық бизнесменнің ерке тоқалы. Жас жігітпен көңіл қосқанына ашуланған Жамалиев жандайшаптарымен жабылып сол Әлібиді өлімші етіп сабап тастаған болатын.

Бикеш Шәкенова, ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі:

-Шығарылған басқа сот актілері өзгеріссіз қалды. Процестік заңнаманың талаптарына сәйкес, сот отырысы жабық түрінде өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.