{metadescription}
Ақтөбе облысында жантүршігерлік апаттан тірі қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Ақтөбе облысында жантүршігерлік апаттан тірі қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақтөбе облысында жантүршігерлік апаттан тірі қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен 7 адам аудандық ауруханаларда ем алуда. Ал жағдайы ауыр екі азамат түнде санавиациямен облыс орталығына жеткізілген. 

36 жастағы мына ер адамға аудандық ауруханада ота жасаған ақхалаттылар оны түнде Ақтөбе қалалық ауруханасына жеткізуді жөн санапты. Екі бүйрегі жараланған өзбекстандық азаматтың жағдайы қазір орташа. Басынан оңбай жараланып, шұғыл шаһарға жеткізілгеннің бірі – автобус жүргізушісі. Белгілі болғандай, ол Қазақстан азаматы екен. Қазір оның жағдайын қалалық дәрігер бақылап жатыр. Естеріңізге сала кетсек, жол апаты кеше Самара-Шымкент тас жолының бойында, Ақтөбе облысы аумағында болған. Автобус ішінде 52 адам отырған. Оның 22-і жарақат алса, 9-ы сол жерде көз жұмды.

Гуламжан Носиров, Өзбекстан азаматы:

-Трассадан шығып кетіп аударылдық. Апат тал түсте болды. Жолаушылардың барлығы ояу еді. Өзіміз түсінбей қалдық. Мен Наманган қаласының тұрғынымын. Туыстарым бұл жайдан бейхабар. Оларға апатты айытып, уайымдатқым келмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.