Маңғыстау тұрғыны үш күн теңізде жүзіп, аман қалды
Маңғыстау облысында суға шомыламын деп, толқынмен жағадан алыстап кеткен азамат табылды. Әбден әлсіреп қалған 24 жастағы жігіт дереу ауруханаға жеткізілген.
Автор: Олжас Байжан
23.06.2017
Сценарийі нағыз фильмге бергісіз оқиға маусымның 18-нен 19-на ауған түні болған. Абылай Сүлейменов сол күні досымен бірге Ақшұқыр маңында суға шомылмақ болып, қарапайым автомобиль камерасының көмегімен жүзіп жүргіпті. Бірақ қатты толқын оларды жағадан алыстатып жіберген. Жанындағы досы өз күшімен жүзіп шықса, Абылай ашық теңізге кеткен. Қараңғыда қайда жүзерін білмеген жігіт бағдар жоғалтып алғанын айтады. Одан кейінгі екі күн бойы көрген тікұшақтар мен пароходтарға айқайлап, көмекке шақырғанымен нәтиже шықпаған. Тек кеше алыстағы кемеге өз күшімен жүзіп барады. Ирандық теңізшілер оны дереу ауруханаға жеткізген.
Абылай Сүлейменов:
-Толқынмен жүре бердім, күш болған жоқ жүзетін. Менің мақсатым жағаға шығу болды. Басқа ештеңені ойлаған жоқпын. Алладан дұға тілеп, жағаға шығуды сұрадым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!