Ақмола облысында археологтар олжалы болды
Ақмола облысындағы Кеңөткел қорымында қазба жұмыстарын енді ғана бастаған археологиялық экспедиция әлден олжалы болып жатыр. Олар қорымнан адам, жылқы сүйектерінен басқа 7...
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
26.06.2017
strong>бірдей қыш құмыра тауыпты. Бірақ, 4 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың тұрғылықты жайын, тұрмысын, жерленген қорымдарын зерттеп, көне ескерткіштерді қалпына келтіруде үшін әлі де қыруар жұмыс жүргізу керек дейді мамандар. Қазірдің өзінде экспедиция 5 қорғанды аршып үлгірген.
Бұл қорымдар 1974-ші жылы кезекті барлау жұмыстары кезінде анықталған. Тарихшылардың айтуынша, бұл қола дәуірінің Андронов мәдениетіне жататын көне ескерткіштер. Өткен 50 жылда бұл жерде талай археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліпті. Осы кезде тарихшылардың өздерін таң қалдырған дүниелер табылған.
Тарихшылар биыл да олжасыз емес. Әсіресе, дәл мына қорымнан табылған эмбрион кейіпінде жерленген сәбидің сүйегі оларды қызықтырып отыр. Қола дәуірінде өмір сүргендердің өз наным-сенімін білдіретін бұл дүниелер енді іргелі зерттеу жұмыстарына арқау болмақ.
Риззат Елубаев, археологиялық экспедиция мүшесі:
-Керемет,бүгінгі мынау міне,шығып отырған 7-ші құмыра. Бұл құмыраның ерекшеліктері бар секілді. Өйткені, үстіңгі қабатты жіңішкелеу көрінет және де бұл құмыраның өрнектері бұрынғы өткен құмыралармен салыстырғанда анығырақ көрінеді.
Әрбір табылған заттан ерекшелік іздеген экспедиция мүшелері аталған ыдыстардың ішінде сүтке ұқсас әбден кеуіп қалған ақ түйіршіктерді де байқаған. Сондай-ақ бірге жерленген жылқы сүйектері табылып жатыр. Ал экспедициянің өзі әрі ғылыми зерттеуге, әрі көне ескерткіштерді қалпына келтіруге бағытталыпты.
Серік Ысқақов, Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бөлім меңгерушісі:
-Осындай Зеренді, Сандықтау елді мекендерінде бұзылып жатқан археологиялық ескерткіштерді қорғау, құтқару жұмыстары жүргізіп жатырмыз. Біздің мақсатымыз сенсация емес. Яғни ол ескерткіштерді сақтап қалу.
4 мың жыл бұрынғы кейбір қорымдар кезінде тоналып, адам сүйектері шашылып қалған. Экспедиция мүшелері зерттеуге керек заттарды мұражайға жіберіп, сүйектерді қайта жерлеп жатыр. Ескі қорымдар қалпына келтірілсе, аспан асты мұражайына айналмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!