{metadescription}
Павлодарда бүлдіршіндерге қол көтерген тәрбиеші жұмыстан қулып тынды
Павлодарда бүлдіршіндерге қол көтерген тәрбиеші жұмыстан қулып тынды

Павлодарда бүлдіршіндерге қол көтерген тәрбиеші жұмыстан қулып тынды

Павлодарда бүлдіршіндерді шапалақтап ұрған адуынды тәрбиеші жұмысынан қуылды. Балабақшада болған бұл жайтты ата-аналардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған.

54 жастағы тәрбиешінің тамақтанып отырған екі баланы шапалақпен тартып жібергені мына кадрларда анық көрінеді. Адуынды тәрбиешінің өзі мұнда бес жылдан бері жұмыс істейді екен. Бейнежазбаны көрген ата-аналар болса, бірден білім бөліміне арызданып, педагогтың жұмыстан қуылуын талап етіпті. Олардан кешірім алғанымен, тәрбиешінің өзі қазір қызметінен кеткен. Ал білім бөліміндегілер бұл жайтқа жол берген балабақшаның басшыларын да жазасыз қалдырмайтынын айтты.

Бақыт Кырықбесова, Павлодар қалалық білім бөлімі мектепке дейінгі мекемелер секторының меңгерушісі:

-Талапты дұрыс орындамаған тәрбиешімен келісім-шарт бұзылды. Бұған қоса, №38 балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушысы да қатаң сөгіс жарияланды. Алмеңгерушінің өзі қазір демалыста. Жұмысына шыққан соң ол да дәл осындай сөгіс алатын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.