{metadescription}
Зымыранның құлауынан зардап шеккен науқас туралы дәрігерлер айтып берді
Зымыранның құлауынан зардап шеккен науқас туралы дәрігерлер айтып берді

Зымыранның құлауынан зардап шеккен науқас туралы дәрігерлер айтып берді

Зымыранның құлауынан зардап шеккен Жезқазған тұрғынына үш рет операция жасалды. Терісін ауыстыруға байланысты пышаққа түскен Вячяслав Тыц, әлі де хәл үстінде жатыр.

Өйткені, ауыр отаның кезінде науқастың бүйректері істен шығыпты. Дәрігерлер оны гемодиализ аппаратына қосып, жанын алып қалған.  Сонықтан, қазір оның беті бері қарар емес. Жағдайы жақсарса, ота жасау ары қарай жалғасады. Бірақ, жаны аман қалатынына мамандар кепілдік беріп отырған жоқ. Естеріңізге салсақ, маусымның 14 күні, күндізгі сағат 4 шамасында, Жезқазғаннан 60 шақырым жерге «Союз» зымыран тасығышының бөлшектері құлаған болатын. Қатты желден от 10 гектер жерге жайылып, Роскосмосқа қарасты мекеменің екі жұмысшысы өрт ішінде қалған-ды. Бірі оқиға орынында тіл тартпай кетсе, екіншісі оңбай күйді.

Берік Төлеубаев, Қарағанды облыстық травмотология және ортопедия клиникасы директорының орынбасары:

-Бұл науқас өте ауыр күйде түсті. Бірінші кезеңде оған ем шаралары өткізілді. Бірақ та, мамандандырылған ем шаралары болмағандықтан және күйік алған жерде көп уақыт өтіп кетті. Сондықтан қиын болды оның бетін бері қаратуға. Гемодиализге апардық бірнеше сеансқа. Қан құйдық , керек шараларды жасадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.