Еліміздің ұлттық құндылықтары қолды болуы мүмкін
ЮНЕСКО қазақтың құнды тарихи- мәдени мұраларының сақтығына алаңдаушылық білдірді. Өйткені, әлемде өңкей ұлттық құндылықтарды тонайтын ұрылар қаптаған. Соның шеті Қазақстанға да жетуі мүмкін.
Автор: Аруна Ортай
27.06.2017
Қазірдің өзінде жәдігерлерімізге сұқтанып жүргендер бар екен. Оны халықаралық ұйым құпия желі арқылы естіп білген. Ұрылар арам пиғылын 18 елде іске асырып үлгеріпті. Олар - Сирия, Ирак, Ливия секілді соғыс болып жатқан елдер. Көбінің тарихи құнды мұралары ендігі жоғалып тынған. Ал қазақ жәдігерлерінің көптігінің сонша, кеденшілердің өздері аңғармай қалуы мүмкін. Сол себепті, ЮНЕСКО тарихи тұлғалар салған картина, басқа да қолөнер туындылары болсын бәрін арнайы жүйеге енгізіп, кедендегі қауіпсіздікті күшейтуді ұсынды.
Мария Полнер, Дүниежүзілік кеден ұйымы департаментінің кеңесшісі:
-Сіздердің құзырлы органдар букіл дүние жүзіндегі әріптестерімен байланыста болады. Әлемнің қай жерінде қандай жәдігердің ұрланғанын біліп отырады. Әрі іздеуде жүрген қылмыскерлер жайлы ақпарат алады. Ол Қазақстандағы ішкі қауіпсіздік үшін де қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!