{metadescription}
Шымкентте мұнай базасында өртеніп кеткен жұмысшының отбасына өтемақы төленетін болды
Шымкентте мұнай базасында өртеніп кеткен жұмысшының отбасына өтемақы төленетін болды

Шымкентте мұнай базасында өртеніп кеткен жұмысшының отбасына өтемақы төленетін болды

Ал Шымкенттегі мұнай базасында өртеніп кеткен жұмысшының отбасына миллион теңге өтемақы төленетін болды. Бұдан өзге марқұм Төрехан Лесбаевтың отбасына «Шымкент мұнай өнімдері» компаниясы 40 күндік садақасына деп 200 мыңдай қаржы бермек. Сонымен қатар, сақтандыру бойынша түсетін қаржыны аударып, марқұмның туыстарының бірі жұмысқа алынуы тиіс.

Адам өмірін жалмаған өрт Шымкенттегі мұнай базасынан маусымның 23-ші күні таңғы сағат 8-дер шамасында шыққан болатын. Мың жарым тонна АИ-92 маркалы бензині сақтаулы резервуардан шыққан қызыл жалынды ауыздықтауға Шымкент пен жақын маңдағы аудандардың өрт сөндірушілері жұмылдырылды. Сонда да, алапат өрт тек бір тәуліктен соң ғана өшірілді. Осы оқиғаға байланысты құрылған арнайы комиссия қазір өрттің нақты себептері мен келген шығын көлемін анықтап жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде