{metadescription}
 Алматы облысында шенеунік пен шаруаның төбелесі дау тудырып жатыр
 Алматы облысында шенеунік пен шаруаның төбелесі дау тудырып жатыр

Алматы облысында шенеунік пен шаруаның төбелесі дау тудырып жатыр

Жүннен шыққан жанжал! Алматы облысында білдей әкім орынбасары мен фермердің төбелесі тәртіптік кеңестегілерді тығырыққа тіреді. Өйткені, жапа шеккен жалғыз шаруа сияқты болғанымен, соңынан шенеунік те таяқ жеген боп шықты.     

Кәсіпкер Алмасбек Садырбаев, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары субсидия сұрағаным үшін тұмсығымды бұзды деп әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Айтуынша, Асқар Тұтыбаевтан жүнге субсидия сұрап барған. Алайда, жүннің орнына жұдырық алыпты. Болған жайт тәртіптік кеңеске жеткен. Әріптестері мен фермерді шақыртқан атқамінерлер аяғында өздері абдырап қалды. Себебі, Тұтыбаев та таяқ жедім деп мұңын шақты. Таспаға түсірілген дәлел екеуінде де жоқ екен. Тығырыққа тірелген тәртіптік кеңестегілер енді не істерін білмей бас қатырып отыр.          

Ұлан Қалжанов, Алматы облыстық Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі басқарма жетекшісі:

- Қазір барлық нелер тексерілуде. Нәтижесі бойынша біз қажетті шаралар қабылдаймыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.