{metadescription}
Астаналықтар өзендерге тонналап қоқыс лақтырып, жағалауларды ластап тастаған
Астаналықтар өзендерге тонналап қоқыс лақтырып, жағалауларды ластап тастаған

Астаналықтар өзендерге тонналап қоқыс лақтырып, жағалауларды ластап тастаған

Астана тұрғындары қала ішіндегі өзендерге тонналап қоқыс лақтырып, жағалауларды әбден ластап тастаған. Көше тазалаушылар  жұрттан қалған тағам қалдықтары, ішімдік пен сусынның шөлмектерін жинап үлгермей жатыр. Елорда арқылы ағатын Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ сынды өзендердің жағасындағы демалуға арналған орындар кәдімгі қоқыс алаңына сияқты.

Өзен бойы толған тұрмыстық қалдық. Тіпті демалуға келушілер түрлі сусын мен ішімдіктің бөтелкелерін суға лақтырып кетеді. Жағалау ғана емес, өзеннің өзі де қоқыстан көрінбейді. Міне, судың бетінде шөлмек, пакет, темекінің тұқылы мен тағамдардың қорабы қалқып жүр. Мұның бәрі жағалауға демалуға келген тұрғындардан қалған.  Балықшылардың да қарамғына қайта-қайта қоқыс ілініп, әбден әбігерге салады екен.

Иван Семенов, Астана қаласының тұрғыны:

-Қармаққа етік, целлофан сынды қоқыстар ілініп қалады. Өзен өте лас. Биыл тазаламаған да шығар. Балық аулауға кедергі келтіреді.

Яғни, бұл өзенге шомылу мүлдем мүмкін емес. Негізі, жағалауды бойлай қоқыс жәшіктері орнатылған. Алайда, адамдар қолындағы қоқысты арнайы шелекке салуға ерінеді, одан айналаға лақтыра салған оңай. Тіпті кейбіреулер көшеге көліктің терезесінен қоқыс лақтырады. 

Ғибат Құрмаш, «Астана көгалдандыру құрылысы»  компаниясының қызметкері:

-Соктың, арақтың, пивоның бөтелкесін, басқа да ұсақ-түйек қағаз-мағаздар. Ана газонда жатқан бәрі. Бес-алты пакет болады, кейде оншақты болады.

Қаладағы тазалыққа жауаптылар таңғы 5-тен қоқыс теруге шығады да, кешке дейін дамыл таппайды. Мәселен, жұмысшылар соңғы бір аптада өзендердің жағасынан 10 тонна қоқыс шығарыпты.

Мұхит Бақбергенұлы, «Астана-Есіл» МКК қызметкері:

-Жұмысшылар жағалаудағы, судың түбіндегі қоқысты да тазалайды. Көбіне темекінің тұқылы, бөтелке, пакеттер жиналып қалады. Тұрғындар арасында мәдениет қалыптаспай, жұмысшылардың еңбегі көрінбейді.

Қаладағы тазалық күннің ысуына байланысты да нашарлайды. Өйткені, тұрғындар мен қонақтар салқын жер іздеп, өзен жағалап кетеді. Ал адам аяғы тиген жерде міндетті түрде қоқыс қалады. Ол үшін жазалаудың бір түрі ғана бар. Ол айыппұл. Көлемі 6 мың теңге. Бірақ бұл да табиғат ластаушыларға сабақ болмай тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.