Елімізде жыл соңында әуе билеттері арзандауы мүмкін
Елімізде жыл соңында әуе билеттері арзандауы мүмкін. Өйткені, осы уақытта жөндеуге жабылған мұнай өңдеу зауыттары қайта ашылып, отандық әуе компанияларын керосинмен қарық қылмақ.
Автор: Досжан Маратұлы
27.06.2017
Ал, қазір еліміз шетелдік жанармайға тәуелді болғандықтан ішкі рейстерде билет өте қымбат. Яғни, ұшақтардың ұшуы үшін жыл сайын 800 мың тонна керосин қажет болса, Қазақстан соның жартысынан астамын Ресейден алуға мәжбүр. Бұл билеттің 30-40 пайызға қымбаттауына әкеліп отыр дейді Инвеститция және даму министрлігіндегілер. Енді жыл соңында қайта ашылатын мұнай өңдеу зауыттары ішкі сұранысты қамтыса, билет құны да сәйкесінше төмендеуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!