Шымкентте қарақұрт қаптады
Шымкентте қарақұрт қаптады. Күн ысыған сайын күшейетін улы жәндік жаз басталғалы 33 адамды шағып үлгерген. Ал, ыстық күндердің әлі алда екенін ескерсек қарақұрттан зәбір көретіндердің саны еселеп артуы ғажап емес.
Автор: Бек Әбиев
27.06.2017
Қазір ауруханаға түскендердің үшеуі жасөспірім, үшеуі әйел, қалғаны ересек азаматтар. Жылқыны 4, түйені 6 сағатта сеспей қатыратын жәндік әсіресе шөп арасымен, құрылыс басында көп кездесіп жатыр. Сондықтан, мамандар қала сыртына серуендеуге шыққандар мен құрылыс жасап жатқандарға аса сақ болуға кеңес береді. Статистика бойынша, қарақұрт шаққан әр төрт адамның бірі өледі екен. Десе де, Шымкентте қарақұртқа құрбан болғандар әзірше жоқ.
Нұрмаханбет Әшірбеков, Шымкент тұрғыны;
-Су болмай колонкаға түсіп едім. Тура мына жерімнен шым етті. Ұстадым, тастадым. Сөйтсем қарақұрт. Аяқпен ездім. Шықтым, сосын 15 минуттан кейін мынау аяқ-қолым ұйып, бір жарты сағаттан кейін жүрек қысыла бастады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!