Алдағы жексенбіде «Қазақстан барысы» анықталмақ
Көптен күткен белдесу! Астанада алдағы жексенбіде, яғни екінші шілдеде су жаңа «Қазақстан барысы» анықталмақ. Айтулы жарысқа әдеттегідей өңірлерден іріктеліп шыққан 34 балуан қатысады. Олардың жартысына жуығы сайысқа шығуға алғашқы рет мүмкіндік алған.
Автор: Досжан Маратұлы
28.06.2017
Арман Шораев, Қазақ күресі федерациясының президенті:
-Жас балалар өзіміздің қара домалақ. Бірінші рет қатысып отыр. Мен ойлаймын биыл Бейбіт бауырымыз үш мәрте жеңіп, енді тоқтатты сонымен, биыл ол «Әлем барысына» қатысады қыркүйек айында. Сол ой бар жас жігіттің аты шыға ма деген.
Қазір балуандар допингтік тексеруден өтіп, соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ал қарсыласының жауырынын жер иіскеткендерге берілетін жүлде қоры қомақты. Бірінші орынға белбеу мен 25 миллион, екінші орынға үш жарым, ал үшіншіге 1 миллион 800 мың теңге берілмек. Айта кетейік, бұған дейінгі сайыстарда допинг дауына байланысты 4 спортшы жарыстан шеттетіліп, тағы бірнеше төрешіге шара қолданылған болатын. Бұл жолы ешкімге бұра тартпайтын, әділ қазыларды таңдадық деп отыр ұйымдастырушылар. Оның үстіне биыл байрақты бәсеке "ЭКСПО" көрмесіне тұспа-тұс келіп отыр. Сөйтіп төл спорт түрі тағы әлемге танылып, шетелдік туристер белдесуді өз көздерімен көре алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!